«Батыс Еуропа -Батыс Қытай» көлік дәлізі құрылысында кедергілер жоқ емес

222
Батыс Еуропа-Батыс Қытай магистралі

Түркістан бағытында сапарға шыққан жолаушылар «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» көлік дәлізі құрылысының аяқтаулын тағатсыздана күтуде. Көлік жүргізушілері уақытша ыңғайсыздықтарға үйренген, алайда  жолшыларға  сұрақтары көп. Солардың бірі қысқы тайғақтағы жол қауіпсіздігі және  жол бойында инфроқұрылым салынады ма? Осы  және де халықаралық жол  құрылысына қатысты сұрақтарымызды автомобиль жолдары  комитетінің  ОҚО департаменті басшысына  қойған едік.

Облыс аумағынан өтетін республикалық маңыздағы 786 шақырым автомобиль жолының «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысына 448 шақырым түседі. Қазіргі жол 1-ші техникалық дәрежедегі 4 жолақты жолға қайта жасақталуда. Жылдың соңына дейін Шымкент-Түркістан аралығында 2 жолақты жаңа жол пайдалануға берілмек. Бетонды жол қыста тайғақ болады деген жүргізушілердің ескертуі орынды дейді жолшы, сондықтан да жолға құм себіледі. Сондай-ақ көлік дәлізі бойында 4 жерде инфроқұрылым қарастырылған. Онда желімдеу орынынан шағын қонақжайға дейін болады. Жол салу барысында күрделіктер де жоқ емес.

Арман Қайырбеков, автомобиль жолдары комитетінің ОҚО департаментінің директоры: «Ауыл адамдары жайылым жер деп карьерден бірде-бір тас алғызбай қойды. Енді  әкімдіктегілер басқа  жерді белгілемек».

Көлік дәлізі бойынша «Самара -Шымкент» автомобиль жолы бойынша жалпы көлемі 569,7 га құрайтын 851 жер телімі түскен. 2011 жылы мемлекет мұқтажы үшін 822 жер телімдері алынған. Оның ішінде 574 сатып алынды, 39-ы мемлекет қорының жері, 29 мемлекетке өтеусіз өз еріктерімен қайтарылған. Қалған жер телімдері бойынша сот процестері аяқталды.

Арман Қайырбеков: «Сотта қаралып жатқан 21 істің 20 бір шаруа қожалығының жеріне қатысты. Ол «Қайнар астық» шаруашылығы. Сотта олар ұтып шықты. Енді біз ақшасын береміз».

Байқасаңыз, құрылысы аяқталған жол бөліктерінде көліктер қатынауда. Айрықша жол, шағын көпірдің бекем болуы үшін барлық құрылыс талаптары орындалуда дейді бас жолшы. Көлік дәлізінің бойын көгалдандыру жұмысы да қарастырылған екен. Қазіргі таңда оның жобалық сметалық құжаттамасы дайындалуда. Ол бойынша жол бойы жаңа көшеттер отырғызылады. Сабырлық танытсақ өңірімізден өтетін халықаралық жол 2013 жылдың соңына дейін аяқталады. Ал жалпы «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» көлік дәлізі толық пайдалануға 2015 жылы беріледі деп жоспарлануда.