Ернар Балабеков

Бір шаңырақта бір кісідей қызмет атқарып жатқан бірнеше ұжым қызметкерлерінің еңбегі еленді. «Отырар» медиахолдингінің қоластындағы халыққа қызмет етіп келе жатқан «Отырар» телеарнасы мен «Оңтүстік Рабат» және «Рабат» газеттерінің қызметкерлерінің күні кеше мереке қарсаңында мерейі үстем болды.  Байланыс және ақпараттық құралдары қызметкерлерінің күнінде облысымыздың әкімі Асқар Мырзахметов еңбегімен ерекше көзге түсіп, жаңашылдығымен ерекшеленгендерді марапаттады.

Біздің биылғы қоржынымыз лық толмаса да, бос қайтпадық. Үнемі айқай-шу мен ұрыс- керістің, қайғылы оқиғалар мен қым-қиғаш жаңалықтардың арасында жүретін өкілдер бұл күні өздерінің құрметке, марапатқа лайық екендіктерін сезінді.

Телеарна басшысы

Валентина Куликова Куприяновна.  Мереке қарсаңында «Отырар-ТВ» телеарнасының директоры «Қазақстан Респурлиасының ІІМ ішкі әскерлеріне 20 жыл»  кеуде белгісімен марапатталды. Қазақстан Республикасын ІІМ ішкі әскерилер көшбасшысының орынбасары А. Ережеповтың бұйрығымен жіберілген алғыс хатта  «Сізге қоғамда Ішкі Әскерилерінің қызметі мен имиджін көтеруде жемісті еңбек еткеніңіз үшін алғыс айтамын» делінген.

Вячеслав Щварц (аң жақтағы)

 

«Отырар» телеарнасының директор орынбасары Вячеслав Щварц облыстың тұрғындарының бірлігін нығайтып, халықтық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени саланы насихаттауда өз үлесін қосқаны үшін облыс әкімінің алғыс хатына ие болды.

Жәмиля Мамырәлі

«Оңтүстік Рабат» газетінің бас редакторы Жәмиля Мамырәлі Қазақстан Журналистер Одағының ОҚО филиалының Әбілсейіт Әлиев атындағы сыйлығының лауреаты атанды.

Фарида Шарафутдинова

«Рабат» газетінің тілшісі Фарида Шарафутдинова Шымкент қаласы әкімдігінің қызметі мен шаһардың тыныс-тіршілігі жөнінде қалам тербеп, еліміздің мемлекеттік ақпараттық саясатын насихаттауда белсенділік танытқаны БАҚ саласында сіңірген еңбегі үшін қала әкімі Қайрат Молдасейітовтың алғыс хатымен марапатталды.

Бас продюсердің алғыс хатпен марапатталу сәті

Телеарнамыздың бас продюсері Лилия Шаймарданова  «Жаңашыл журналист» номинациясының иегері атанды.

Мақпал Ибрагимова

Жас тілші  Мақпал Ибрагимова «Дидар -2012» тележурналистерге берілетін ең үлкен аталымға ие болды.

Ақмарал Мырзахметова

 

«Оңтүстік Рабат» газетінің тілшісі, «Аман бол» бағдарламасының авторы Ақмарал Мырзахметова медицина қызметкерлерінің күніне байланысты жарияланған «Үздік мақала» номинациясының жеңімпазы атанды.

Арайлым Бексейтова

 

Арнамыздағы жаңалықтар қызметінің тілшісі мен жүргізушісі Мақсат Жақсыбаев пен Арайлым Бексейтова және «Оңтүстік Рабат» газетінің жорналшысы Тағабай Қасым облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған «Отансүйгіштік мемлекеттік рәміздерді насихаттаудан басталады» атты байқаудың жеңімпаздары атанды.

Ернар Балабеков

 

«Шұғыл шақырылым» бағдарламасының тілшісі Ернар Балабеков БАҚ саласында еңбек етіп, ерекше көзге түскені үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық сот төрағасы Нұрсерік Шәріповтың алғыс хатымен марапатталды.

Баһадыр Тәжібаев

 

Арнамызда бірнеше жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан оператор Баһадыр Тажибавты Қазақстан Журналистер Одағы ОҚО филиалының төрағасы алғыс хатпен марапаттады.

Виталий Заинтинов

 

Ал «Қала», «Шұғыл шақырылым» және өзге де көптеген бағдарламалардың эфирге дейін дайындалуында ерен еңбек сіңірген монтаждаушы монтажер Виталий Заинтинов қала әкімі Қайрат Молдасейтовтың алғыс хатына ие болды.

Тағабай Қасым