Халықаралық көлік дәлізінің биыл 139 шақырымының құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, біздің өңірден Батыс -Қытай, Бватыс-Еуропа автодәлізінің 448 шақырымы өтеді. Күндіз-түні қарқынды жүргізіліп жатқан жол құрылысының сапасы көпшілікті алаңдатып отырғаны ақиқат. Оған негіз жоқ дейді, мамандар.
Халықаралық көлік дәлізінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Біздің өңір жұмыс басында кестеден біршама кешіккен болатын. Жер мәселесіне қатысты. Сол олқылықтарды жойып, жолды уақтылы пайдалануға беру мақсатында, жұмысшылар түнгі уақытта да еңбек етуде. Дәлірек айтсақ, кешкі сағат жетіден бастап, таңғы жетіге дейін үзіліссіз жол төсейді.
«Түнгі салқынмен бетонды төсеу қолайлы. Бетон күннің ыстығына тез кеуіп қалады, содан барып, мүжіліп кету қаупі бар. Түнгі уақытта жайылған бетон, салқынмен кеуіп, құрылыс талаптарына сай болады. Сондықтан да жұмысты кешке жүргізіп отырмыз,»-дейді жұмысшылар.
Жұмысшылармен бірге, бақылаушыларда тәулік бойы жұмыс жасауда. Сапалы жол төсеу — салғырттықты көтермейді. Сол үшін де бетон төселген әрбір қарыс жер жіті қадағалануы керек.
Ал құрылысты қадағалаушылар: құрылысқа қажетті шикізаттың барлығы арнайы зертханалық тексерістен өтпей, құрылысқа қолданылмайды. Жер бетінің текістелуінен бастап, төгілген тасқа дейін біздің қадағалауда болады-деп отыр.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің 448 шақырымы біздің облыстан өтеді. Оның тең жартысындағы қызу жұмысты Қытай, Түркия, Әзірбайжан, Корея, Иран елдерінен келген жеті компания атқаруда.
Басы жер дауынан басталған жол толығымен 2013 жылы пайдалануға беріледі.Ал биыл 139 шақырымдық бөліктің ғана құрылысы аяқталады дейді мамандар.