Шымкенттік кішкентай сұлу Нұрай Болатқызы Сәрсенова «Little Miss Kazahstan-2012» байқауында бас жүлдені жеңіп алды.
30 маусым күні Алматы қаласында өткен сұлулық сынына республиканың түкпір-түкпірінен ақылына көркі сай көрікті бүлдіршін арулар бақ сынасқан болатын. Сөйтіп шымқалалық балғын жүлдені қанжығасына байлап қайтты. Айта өтейік, бұдан бұрын Нұрай Болатқызы «Little miss SHymkent-2012 » байқауында жүлделі 1-ші орынды жеңіп алған болатын.
Енді Оңтүстіктің намысын абыроймен қорғай білген Нұрай Қазақстан атынан Түркия елінде өтетін әлемдік сұлулық сынына қатысатын болады.