Орбасылықтар бір ұпайға кем түсті
Орбасылықтар бір ұпайға кем түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының ұлттық құрамасы «Ордабасы» футбол командасының бұған дейін жетпеген ең алғашқы ірі жеңісі болған еді бұл. Әр қазақстандықтың кеудесінде мақтаныш сезімі кернегені белгілі, әсіресе облысымыздың жанкүйерлерінің. Біздің де футболшыларымыз Еуропа чемпионатында алдыңғы қатардан көрінер деген үкілі үміт күдіктен де басым еді. Норвегияның «Русенборг» командасымен ойын болатын бүгінгі күнді асыға күтіп, барлық ісін ысырып қойған халықтың қуанышында шек жоқ еді. Біздің жігіттер жеңуі тиіс, олар бар күшін салып, еліміздің мәртебесін асқақ етеді деген сенім мықты еді.

Іштей тілектестілігімізді білдіріп, үйде тақымын қысып, тағатсыздана күткен миллиондаған көрерменнің үміті ақталмады. Намысқа тырысып, бар күшімен ойнап келе жатқан Ордабасының жігіттері бірінші болып-ақ қарсыластарының торына доп соғып еді. Жеңіске деген үміт бір табан жақындаған болатын. Алайда қарсы топ есептің басын теңістіріп, соңғы минуттарда тағы бір ұпайды соғып жіберді. Қап деген біздер үн-түнсіз тұрып қалдық. Жанкүйерлердің сағы сынып, ойыншылар қолдағы жеңістен айырылып қалды. Өкінішті, енді қазақстандықтар Европа лигасына қатысуға мүмкіндігі жоқ. Өйткені, шымкенттік «Ордабасы» командасы бұған дейін  «Русенборгтағылармен» ойын алаңына түсіп, тең есепте ойынды аяқтаған болатын. Сондықтан бұл кездесу жерлестеріміздің тағдырын шешіп берді.