Композитор, сатирик-ақын Жарылқасын Дәулет өзінің продюссерлік ететін тобы «RAYYANмен» Шымкентте концерт қоймақ. «RAYYAN» тобының концерті 13,14,15-ші шілде күндері Шымкенттегі халықтар Достығы үйінде үш күн бойында өтетін болады.
«Билеттер түгелге дерлік сатылып кетіпті. Алғашында бір күн ғана концерт бермек болғанбыз. Халықтың ықыласын көріп, тағы да екі концерт қоймақпыз»,-дейді Жарылқасын Дәулет.
Топтың әншісі Жангелді «репертуарымыздағы әндердің барлығын дерлік жанды дауыста айтуға дайындалып жатырмыз. Алла қаласа, біздің топтағы барлық әндерді тек жанды дауыста орындайтын боламыз. Алда қасиетті Рамазан айы басталғалы жатыр. Қасиетті айды әнге қосып шырқауды мақсат етіп отырмыз.
«Мешітке кел» тағы да басқа имандылық тақырыбындағы әндер қатарын көбейтуді жоспарлап отырмыз» — дейді. «RAYYAN» тобының продюссері Жарылқасын Дәулет «Біздің репертуарымыздағы әрбір әннің көрерменге айтары болуы керек. Осы жағына қатты мән беріп отырмыз. Айтар ойы, келелі салмағы болмаса әннен не қадір қалмақ».
Айта кетейік, бүгін «Отырар» телеарнасындағы «Жаңа күн» сазды-ақпаратттық бағдарламасында тікелей эфирде көрермендермен тілдескен өнер жұлдыздарының концертіне билеттер мен 3 бірдей бейнетаспа ойнатылды.