Айдың басында Шұбарсу саяжайының тасымалдаушылары жолақысын 100 теңгеге көтерген болатын. Қазір массивтегі тұрғындар жолкіренің не себепті көтеріліп кеткеніне таң қалып, ашу үстінде жүр.
Шұбарсу саяжайына бару үшін жолақысы 80-нен 100 теңгеге дейін көтеріледі. Бірақ, әзірге оның қашан жүзеге асары белгісіз. Анық болғаны сол, шілденің басынан бастап қалалықтар жолақысы үшін 100 теңге төлейді. Бірақ мұны ешкім заңды түрде жариялаған жоқ. Демек, тасымалдаушылардың қолымен жасалып отырған іс бұл.
Аппель Александр, жолаушы: «Іс-сапардан келгенім сол еді, жұбайым жолкіренің 100 теңгеге бір-ақ шыққанын айтты. Енді міне, барарда 100 теңге, қайтарда 100 теңге төлеп жүрмін».
Тасымалдаушылар бұл қылығының сырын жанармай бағасының қымбаттауы мен «Шымкент-Түркістан» тас жолындағы құрылысқа байланысты бағыт бағасының өзгеруімен түсіндіреді. Айтуларынша, енді олар айналып өтуі тиіс, яғни, бұрынғы жолға тағы да шақырымдар қосылған. Бағаны қымбаттатпаса, шығынға бататын түрлері бар екен.
Автобус кондукторынан мәселенің мән-жайын сұрасақ, көшенің бүгінгі жайын өздерің барып көріңдер. Айналмалы жолдың ұзарып, тоз-тозы шығып жатқанын камераға түсіріңдер деді. Ақша жинаушы ханым тіпті, бұл 100 теңге жолкіренің аз екенін айтты.
Асқар Шалабаев, Жолаушылар көлігі бөлімінің бастығы: «Жолақысын біздер осыдан бес жыл бұрын көтеруіміз керек еді. Сол шақта 35 пайызға дейін көтергенімізде дәл осылай қиналмас едік. Осы уақыт аралығында жанар-жағармай бағасы екі есеге көтерілді».
Өз кезегінде қалалық транспорт компаниялары бұл мәселеге шара көруге уәде етті. Өз еріктерімен бағаны көтерген тасымалдаушылар жақын арада жолкірені түсірмесе оларды бір айлық есептік көрсеткіштегі айыппұл күтіп тұр. Ол 8 мың теңгенің үсітндегі сома.