Шымкентте оқулық тапшылығы болмайды

318
оқулық

Шымкентте оқулық тапшылығы болмайды. Биыл алғаш рет оқушыларды кітаппен қамту мәселесі оң шешімін табады. Білім бөліміндегілер осылай деп сендірді. Айтуларынша сегізінші сыныпқа дейінгі және 11-сынып оқушылары түгелдей тегін оқулыпен қамтылады. Мұндай жеңілдік өңірде бұрын соңды болмаған. Тілші толықтырады.

Жыл сайын Наталья Ломакина анасымен бірге дүкен аралап, оқулықтар іздеуді әдетке айналдырған. Мектепте кітап тапшылығының құрбаны болған ол, биыл оқулықтарды сатып алуды жөн көріпті. Оқушының сыныбы өскен сайын оқулық саны да, бағасы да өсетін көрінеді. Мысалы, бір ғана тоғыщзыншы сыныптың оқушысы үшін 14 оқулық қажет екен. Оның онын өзі сатып алуда.

Наталья Ломакина, оқушы: « Былтыр мектептен тек 4-ақ кітап алдым. Қалғандарын өз қаражатымызға сатып алдық. Онда да Қазақстан тарихы мен әдебиеті кітаптарын таппадық. Жыл соңына дейін оқытушынығ берген тапсырмаларын көшіріп алып жүрдім».

Жаңа оқу жылына дайындық ата-аналардың қалтасын қағатыны жасырын емес. Киімі, қажетті құрал-сайманы үшін жұмсалатын қаржының 40 пайзын құраса, оқулық сатып алу да жатқан шығын. Десе де ата-аналар бағасын қиналмай балалары үшін бәрін сатып әперуге дайын, тек сапасы көңілден шықса болғаны.

Ирина Ломакина, ата-ана: «Мектептен оқулық аламыз, жетіспейді ондада. Кітап өте қымбат, бағасы да түспейді. Сапасы сол бағасына сай келсе мейлі ғой. Көшірме қағаздары, балдарымызды шаршатты. Кейбір парақтарында тапсырмалар толық көрінбейде қалған».

Қалалық білім бөлімі оқушылар мен ата-аналардың бұл күйімен етене таныс, түсінеді де. Былтыр 4,6,11 сынып оқушылар үшін оқулықтар тегін әрі толығымен таратылған. Жеңілдік биыл да жалғасын таппақ, оған үш сынып қосылуда.

Пазылхан Асауов, материалдық-техникалық базаны нығайту секторының меңгерушісі: «Біз жеткізіп берушілермен келісім-шартқа тұрып қойдық. Бірінші тамыздан бастап, кітаптар таратыла бастайды. Бұл жылы 501 666 оқулық сатылып алынды. Оған өзін-өзі тану пәні бойынша алынған 122 798 оқулықты тағы қосыңыз. Оқушылар 100 пайыз оқулықпен қамтылатын болады».

Биыл шымкенттік оқушылардың 80 пайзы тегін оқулықпен қамтылады. Тек 2015 жылы ғана 100 пайыздық көрсеткішті бағындырамыз дейді білім бөліміндегілер.