Оңтүстікфильм

Нарық заманында әсіресе өнер иелері үшін жеңілдіктер өте қажет. Осы мақсатта облысымыздың мәдениет басқармасы патриоттық тақырыптағы әндерді тегін түсіріп беруде. Ең алдымен әніңіздің  ойы тұшымды жазылып, жастарды патриоттық тақырыпта тәрбиелеуге бағытталуы тиіс. Егер туындыңыз осы талаптарға сай болса,  мәдениет басқармасына өтініш хатын жолдайсыз. Онда арнайы комиссия шешімін шығарады. Бұл ең алдымен жас өнер иелерін үлкен сахнаға дайындап, қаржылай көмек болып отыр.

Батырхан Дәуренбеков, «Оңтүстікфильм «мемлекеттік мекемесінің директоры: «Қазір біз алғашқы бейнеклипті түсіруге кірістік. Жаңа туындының негізгі желісі «Әке» туралы. Көбісі бізге келіп тегін клип түсіріп беріңіздерші деген өтініш жасауда. Алайда айтарым бәрінде мәдениет басқармасы шешеді. Өтініштеріңізді сол басқарамаға жазасыздар. Арнайы комиссияның шешімі шығарылып, клип түсірілсін деген тапсырма бізге келеді. Кейін біздің өнерлі ұжым өз жұмыстарына кіріседі. «Оңтүстікфильм» мекемесінің бұданда басқа көптеген жаңалықтары бар. Мәселен жақында жаңа «Ел іші өнер кеніші» атты жобаны қолға алып, ел ішінде танылмай кеткен өнер иелерін іздестіріп немесе танымал тұлғалардың көп кездесе бермейтін кадрларын жинаудамыз. Бұл жоба жастарға өзіндік берер пайдасы зор деп есептейміз».