Шымкентте болған сұмдық оқиғаға қатысты сот үкімі шықты. Такси жүргізушілерін тонап, соңынан азаптап өлтіріп келген үш азамат 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бұл мамандандырылған қылмыстық сотта қаралған ең атушылы оқиғалардың бірі. Күдіктілер арам ойын жүзеге асырушы алдымен таксистерді ұрып өлтіріп, соңынан үйін немесе көлігін тып-типыл етіп келген.
ӘБИНҰР ҚАРАБАЕВ, АУДАНАРАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ: «Қандықол қарақшылар зардап шегушіні басынан ұрып немесе пышақтап өлтірген. Зардап шегушінің үйіннен ақша, алтын бұйымдарын қолды қылған. Оқиға орнынан қашып тас жолға шыққан бетте қолға түсті».
Бұған дейін сотты болып, шартты түрде босатылған топтың серкесі Башаков енді тағы да темір торға жабылмақ. Аз емес 25 жылға. Ал оның сыбайластарына 16-17 жылға бас бостандығынан айырыру жазасы тағайындалды.