шапахат-1

Тойханада тамақтан уланып, аурухананың төрінен шыққан 10 адамның үшеуі қазір қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Үш азамат та бесік тойға келген, Сайрам ауданының Жаңаталап ауылының тұрғындары екен. Қалған жетеуіне шұғыл медициналық көмек берілуіне байланысты, үйлеріне қайтарылған.

Той өткен «Шапахат» тойханасының әкімшілігі арнайы сұқбат беруден бас тартты. Күзетшінің сөзіне сүйенсек, жексенбі күні «бесік той» өтіпті. Дастарханға ешқандай ішімдік қойылмаған. Қымыз ішкен қонақтар fртынша қауын-қарбыз жеген көрінеді. Алайда, тойхана иесі де, әкімшілігі де бас көрсетпеді. Кеше санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының мамандары келіп, тойхананы уақытша жауыпты. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.

Ал аурухана дәрігерлерінің айтуынша, аурулардың жағдайы орташа. Барлық сараптама жұмыстары алынған. Бірер күнде үйлеріне қайтарамыз дейді.

Бақтығали Ережепов, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары: «Түнгі сағат 12:05 түстен үш науқас бір тойда болған. Жағдайлары жаман емес. Екі әйел, бір ер адам. Үшеуінен де арнайы сараптама алынды. Анық-қанығы сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады. Бүгінгі жағдайлары орташа. Егер сараптамалары жақсы болса, үш күннен кейін ауруханадан шығады. Әр түрлі тамақ пен түрлі ащы-тұщылар жеген».