Толағайларды қолдау

346
Толағайларға қолдау

Отызыншы жазғы олимпиаданың алауы да жағылды. Әлемдік додада қаламыздан екі, облысымыздан 9 спортшы бақ сынауда. Еліміздің намысын қорғауға кеткен спортшыларға барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Көше бойларында бой көтерген баннерлерде укілеп қосқан үміткерлеріміздің порттері бейнеленген. Тұрғындардың қолдауы да жаман емес.

Талғат, қала тұрғыны: «Әрбір шымкенттік өзінен шыққан толағайларды тану керек. Мынау кім деп сұрайтын балаларым, «Олар-чемпиондар» деп айтамын.»

Медет, қала қонағы: «Мен облысымыздан олимпиадаға кімдердің кеткенін білмейді екенмін. Шымкентке келіп, көріп-біліп жатырмын. Жеңіс тілеймін оларған.»

Басқа мемлекеттерде олимпиада спортшылары әртүрлі өнімдерді жарнамалайды.Салауатты өмір салтын ұстанған біздікілерге неге көңіл аз бөлінеді?

Болат Төлеген, қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы: «Мұндағы мақсат спортшыларымызға қолдау көрсету. Оларды мақтан тұту. Жастардың бойына патриоттық рухты сіңіру. Қаланың негізгі көшелерінде 25 баннер орнатылды. Оның 10 республикалық спорт комитетінің қолдауымен жасалды».

Жарнама бильбордтарын «Эльдарадо» компаниясы жасаған. Қаланың үлкен даңғылдарының төрінен арнайы орын берген. Мұның өзі спортшыларымызға рух берері сөзсіз.

Нұржан Сманов, қалалық спорт бөлімінің бастығы: «Спортшыларымыздан үміт көп. Жеңіспен оралады деп ойлаймын. Салауатты өмір салтын қолдап қана қоймай,  ел намысын қорғауға кеткен спортшыларымызға ақ жол тілейік».

Еліміздің еңсесі бұл Олимпиада да түспейтініне нық сенімдіміз. Лайым, көк туымыз көтеріліп, әнұранымыз шарықтағай.