Сурет, http://dpasolutions.com сайтынан алынды
Сурет, http://dpasolutions.com сайтынан алынды

Ордабасы аудандық прокуратурасы ауданда заңсыз жалға берілген жайылымдық жер учаскелерін анықтады. Атап айтқанда, 22.08.2011 жылы Ордабасы ауданында өткен ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурсының 14-лотының қорытындысы бойынша «Қаражантақ и Қ» ЖШС–гі жеңімпаз деп танылып, нәтижесімен 31.08.2011 жылы №5 хаттама түзілген.

Осы хаттамаға сай, 27.09.2011 жылы аудан әкімдігі Қараспан ауыл округінде орналасқан аудандық арнайы жер қоры есебінен 200,0 га жайылымдық жерді «Қаражантақ и Қ» ЖШС–не тауарлы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін 49 жылға жалға беру туралы №3 49 қаулы қабылданған.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы №165, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 ақпандағы №24-ө «Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға берген кезде конкурстарды ұйымдастыру және өткізудің ережесін бекіту туралы» Бірлескен бұйрықтың 9 бөлігіне сәйкес, Қаражантақ и Қ» ЖШС–конкурстық өтінімінде кәсіпорынның штатында ауыл шаруашылығының мамандықтары бойынша біліктілігі мен жұмыс стажы көрсетілген, кем дегенде 2 маманы бар болуы туралы анықтаманың орнына 1 маманның анықтамасын ұсынған.

Өз кезегінде конкурстық комиссиямен «Қаражантақ и Қ» ЖШС–ін жеңімпаз деп танығанда бірлескен бұйрықтың 27 бөлігінде көзделген конкурстың негізгі критерияларына назар аударылмаған.

Берген ЕРЖАППАР, Ордабасы ауданының прокуроры, аға әділет кеңесшісі: «Сонымен бірге, конкурсқа қатысушы екінше тарап Н.Аширбекованың барлық ұсынған құжаттары толық болғанына қарамастан, конкурстық комиссия заңсыз артықшылықтар көрсете отырып, «Қаражантақ и Қ» ЖШС–ін жеңімпаз деп танып, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 4 бөлігінде көзделген сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықты жасаған. Осыған орай, аудандық прокуратурамен енгізілген наразылықты қарау нәтижесінде заңсыз актілердің күші жойылды».