Ордабасы аудандық прокуратурасы ауданда заңсыз жалға берілген жайылымдық жер учаскелерін анықтады. Атап айтқанда, 22.08.2011 жылы Ордабасы ауданында өткен ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурсының 14-лотының қорытындысы бойынша «Қаражантақ и Қ» ЖШС–гі жеңімпаз деп танылып, нәтижесімен 31.08.2011 жылы №5 хаттама түзілген.
Осы хаттамаға сай, 27.09.2011 жылы аудан әкімдігі Қараспан ауыл округінде орналасқан аудандық арнайы жер қоры есебінен 200,0 га жайылымдық жерді «Қаражантақ и Қ» ЖШС–не тауарлы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін 49 жылға жалға беру туралы №3 49 қаулы қабылданған.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы №165, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 ақпандағы №24-ө «Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға берген кезде конкурстарды ұйымдастыру және өткізудің ережесін бекіту туралы» Бірлескен бұйрықтың 9 бөлігіне сәйкес, Қаражантақ и Қ» ЖШС–конкурстық өтінімінде кәсіпорынның штатында ауыл шаруашылығының мамандықтары бойынша біліктілігі мен жұмыс стажы көрсетілген, кем дегенде 2 маманы бар болуы туралы анықтаманың орнына 1 маманның анықтамасын ұсынған.
Өз кезегінде конкурстық комиссиямен «Қаражантақ и Қ» ЖШС–ін жеңімпаз деп танығанда бірлескен бұйрықтың 27 бөлігінде көзделген конкурстың негізгі критерияларына назар аударылмаған.
Берген ЕРЖАППАР, Ордабасы ауданының прокуроры, аға әділет кеңесшісі: «Сонымен бірге, конкурсқа қатысушы екінше тарап Н.Аширбекованың барлық ұсынған құжаттары толық болғанына қарамастан, конкурстық комиссия заңсыз артықшылықтар көрсете отырып, «Қаражантақ и Қ» ЖШС–ін жеңімпаз деп танып, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 4 бөлігінде көзделген сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықты жасаған. Осыған орай, аудандық прокуратурамен енгізілген наразылықты қарау нәтижесінде заңсыз актілердің күші жойылды».