Жазғы уақытта студенттерді жұмыспен қамтамасыз ететін «Жасыл ел» бағдарламасы 1 шілдеден бастап өз жұмысын бастады. Агроөнеркәсіптік салада оқитын студенттер екі ай бойына қала көшелерінде өсіп тұрған гүлдерді арам шөптерден тазартып, суарып, жайқалып өсуіне ықпал етуде.
Студенттер тек қаламыздың көркеюіне үлес қосып қана қоймай, ай сайын 30 мың теңге көлемінде еңбекақы алатын болады. Бағдарлама биыл жетінші жыл қатарынан осылайша студенттердің жазғы уақытын тиімді өткізуді ұйымдастырып келеді.
«Бәйтерек», «Жасыл қала», «ЛТД Тұрмыс» сынды бірнеше мекемемен келісім шартқа отырып, көмекшілер қаламыздағы түрлі насындарда жұмыс атқаруда. Олар «ЛТД Тұрмыс» қызметкерлерінің жұмысын да жеңілдетуде.
Бағдарлама аясында қыркүйек айына дейін 250 жас жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Бұл студенттер үшін тәжірибелік сабақ болмақ.