Жол полицейлері көліктерін кез келген жерге қоятын жүргізушілермен күресуде

346
Көліктердің нөмірлері алынуда
Көліктердің нөмірлері алынуда

Көліктерді кез келген жерге қою шымкенттік жүргізушілер үшін түк емес. «Қырғы» және «Ақбар» базарларының аралығындағы Төлеби көшесінде үнемі кептеліс. Тиым салынған белгілерге пысқырып та қарамаған көлік жүргізушілерін тәртіпке шақыру мақсатында және бейберекетсіздікпен күресуге жол полициясы кезекті рет әрекеттенді.

Жол полицейлері, осылайша, жол белгілеріне назар аудармаған көлік жүргізушілерімен күресуде. Дәл осы темір тұлпарлары иелерінің кесірінен осы жол аралығы көлік тығынына айналған. Инспекторлар жол ережесін бұзған көліктердің мемлекеттік нөмірлерін алып тастап жатты. Кейбірінен жүргізуші куәліктері де алынды.

Мына Опельдің жүргізушісінің жолы болмады. Ол өзінің тұлпарын дәл тиым салынған белгілінің астына қойып кетіпті. МАИ қызметкерлері көліктің иесін күтпей, темір тұлпарын эвакуаторға орнықтырды.

Арман Әбілдабеков, жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары : «Соңғы  бір аптада  4200 ереже бұзушылық  орын алды. 1400 хаттама түзілді. 216 жаяужүргіншілер мен 58 ішімдік ішкен жүргізуші ге айывппұл салынды «.

Екі сағаттың ішінде Төле би көшесінде жол полицейлері 50 ден астам әкімшілік хаттама толтырды. Бір көлік айыппұл тұрағына жіберілді,. Өйткені бүгін МАИ қызметкерлерінде бір ғана эвакуатор болды. Егерде ондай техника көп болғанда, ережені бұзу да кем болатын еді.