Қаңғыған төбеттен қауіп көп

Қаңғыған төбеттен қауіп көп
Қаңғыған төбеттен қауіп көп

Осыдан бір жыл бұрын Шымкентте қаңғыбас иттерді жою үшін арнайы бригадаларға жаңа қару-жарақ пайдалануға берілді. Найзадай шаншылатын дыбыссыз қарулар мен ұйықтататын дәрілер осы уақыт аралығында нендей нәтиже берді? Ит аулаушылардың өзі тірлігінің оңды екенін айтады. Ал қалалықтар бұл істің шарапатын көріп отыр ма? http://kz.otyrar.kz/ тілшісі Шымкент тұрғындарымен кездесті.

Осыдан бір жыл бұрын шымкенттік ит аулаушылар қаруын инелі шприц пен найзаға ауыстырған еді. Осылайша қаланы қаңғыбас иттерден біршама тазартты. 11 мың ит пен мысық жойылыпты жыл ішінде.

Ғани ҚҰРМАНБАЙ, қалалық ветеринария бөлімінің бастығы: «УВШ 651 деп аталмыш Ресейлік құрылғының пайдасы айтарлықтай. Қару-жарақтың қолайлылығы сонда, көше иттерін қала жағдайында да жоюға болады. Яғни, қоршаған ортаға қауіпі аз, дыбыссыз. Былтырдан бері жасалған шара барысында бізге шағым айтқан адам жоқ».

Күн сайын таң сәріден мамандар аңшылыққа шығады. Жорыққа шыққан бір күнде үй күйсіз жүрген 50-дей ит-мысықты аулаймыз дейді олар. Алайда, қаңғыбас иттер азайды дегенмен Күншығыс» шағынауданының тұрғындары келіспейді. Олар тіпті, иттерді атудың жаңа әдісінің бар екенін де естімепті. «Күншығыстағы» бір автотұрақ үйсіз-күйсіз жануарлардың ордасына айналғалы қашан дейді ашынып. Түнде ұйқы жоқ. Үріп, қыңсылаған дауыстарынан көз шырымын да ала алмаймыз дегенді алға тартты олар.

Осы шағынауданның тұрғыны Төлбасы апай Құдайбергенова өз ауласының төртаяқтылардың «пятагына» айналып бара жатқанына қатты қынжылады. Көп қабатты үйдің тұрғыны бұл күні немерелерін үй ауласына шығарудан қалған. Құтырған, ауру төбеттер тістеп алса қайтемін деп жыларман хәлге түскен.

Ит аулау құрылғыларының жаңартылғанынан «Күншығыстықтар» әлі жақсылық көрмедік деп отыр. Ал қаңғыбас ит-мысықтарды жою үшін қазынадан биыл 20 млн. теңге қаржы бөлінген болатын.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9zJBqmBOTBc[/youtube]