Әтір-мінездің айнасы

Имидж қалыптастыруда хош иіс таңдаудың да маңызы бар. Бүгінгі таңда әтірдің сан алуан түрі жеткілікті. Әрқайсымыз оны таңдарда мінезімізге, сол уақыттағы көңіл күйімізге қарай таңдау жасағанымызды кейде байқамай да қаламыз. Сондықтан, өткір иіс жұмсақ болып шығуы да ғажап емес. Жұлдызшылар хош иіс адамның жан-дүниесінен хабар береді дейді. Таңдағаныңыз сіздің қандай екеніңізді білдіреді дегенді айтады. Әтір таңдауда қателеспеуіңіз және жақындарыңызға сыйлық алуда мұқият болуыңыз үшін жұлдызды болжамды назарыңызға ұсынамыз.

Тоқты. Әрдайым алға ұмтылып жүретін тоқты әтір иістерін жиі ауыстырады. Дегенмен, өткірлігіне мән береді. Олар қызғалдақ иісі аңқыған әтірді таңдап алады. Оларға жалбыз, арша, жемісті алмұрт түрі, цитрус тектес жұпар иісті әтірлерді сыйласаңыз қателеспейсіз. Тоқты белгісінде туылған әйелдерге Chanel 5, Opium, Coco, Magic Noire, Allure таңдаған жөн. Сондай-ақ өзін батыл сезінуге құмар жандар Odeur 71-ді сатып алғаны дұрыс. Іскер, тапқыр әйелдер Rochas фирмасының Lumiere әтірін таңдау керек. Ал Miracle (Lancome) иісі өткір мінезді тоқты белгісінде туылған жандар үшін арналғандай. Ерлерге Green Jens, One Men Show, Kenzo және M. Jordan алуға кеңес беріледі.

Торпақ. Жаңашылдықты аса қалай бермейтін торпақтардың жаны нәзік, романтикаға берілгіш болғандықтан табиғатпен байланысты иістерді жаны қалайды. Олар ерте көктемде гүлдейтін өсімдіктерді ұнатады. Сондықтан, көбінесе тәтті, аршаның аңқыған иісіне құмар. Торпақтар көбінесе мерекелік көңіл күйде жүруге тырысатындықтан, жеңіл иістерге да мән береді. Бұл белгіде туылған нәзік жандылардың жүрегін жаулап алу үшін даршын, эфирлі өсімдіктің иісі аңқыған әтір алуға тырысыңыз. Әйелдерге Organza немесе Amarige, XS, Champagne-ді таңдауға кеңес беріледі. Ал олардың мінезін ерекше етіп көрсететін Mahora (Guerlain) немесе Io (La Perla). Торпақ-ерлер Fahrenheit, Egoist, Yatagan, Hugo таңдағаны дұрыс.

Егіздер. Іші қайнап жүретін егіздер раушан, інжугүлдің иісін жақсы көреді. Цитрустық рең беретін иіс оның психологиялық жәйінен хабардар етеді. Ал егіздерден балғын жасыл шөпті иісті әтірді сезсеңіз, олардың жүйкесі шаршап жүргенін байқауға болады. Бұл белгіде туылғандар парфюм таңдауда көптің сөзіне сенбейді, өзін тыңдайды. Сондай-ақ, иістен бұрын оның құтысына мән береді. Әйел-егіздерге Pleasures немесе 5-Avenue, L»Eua Par Kenzo және 1881-Cerruti-ді таңдауға кеңес береді жұлдызшылар. Betty Barclay Women (Betty Barclay)-ды қалайтын арулардың көбінесе махаббатта жолы болады. Нәзік көрінгіңіз келсе Remember Me (Christian Dior)-ға мән беріңіз. Ерлерге What About Adam немесе Aqua Digio, Versus, Blue Jens алуға кеңес беріледі.

Шаян. Шаян су белгісі болғандықтан, теңіздің иісін аса жақсы көреді. Бұл оған ерекше күш-қуат береді. Бұйра толқын, еліртетін кактус иісі шаяндардың өз арманын еркін жүзеге асыруына ықпал етеді. Жазғы бақтағы гүлдердің жұпары да оларды өзгелерден ерекше етіп тұрады. Шаяндар кейде көңіл күйіне қарай да әтір таңдайтын әдеті бар. Бірақ кейін иісі ұнамай қалса қолданып жүре береді. Бұл белгіде туылған әйелдердің Magnetic, Aqua Digio, L»Eua D»Issey, Escape таңдағаны абзал. Егерде өзіңізді сенімсіз сезінсеңіз Kenzo фирмасының Flower by Kenzo әтірін алыңыз. Жұмсақ, мейірімді болып көрінуге тырыссаңыз Hugo Boss Women (Hugo Boss) иісі сізге көмектеседі. Шаян-ерлерге Joop/Read немесе Cool Water, 1881-Cerruti және Pleasures лайық келеді.

Арыстан. Өзінің энергиясын, эмоциясын жасыра алмайтын арыстандар классикалық ароматтарды таңдайды. Мінезі жұмсақ жандар шырынды иістерді таңдайды. Ал көңіл күйі үнемі түсе беретін арыстан досыңыз болса, нәркес жұпарын сыйлаңыз. Бұл иіс оған сенімділік сыйлайды. Өз бағасын жоғарылатады. Арыстандар тропиктік өсімдіктерді аса қатты ұнатады. Сондай-ақ, әтірдің құтысының үлкен болғанын қалайды. Оған парфюм таңдарда оның танымалдығына да мән беріңіз. Яғни көпшілік тоқтаған иіс. Арыстан белгісінде туылған әйелдер Miss Dior, Eternity, Poison немесе Paris таңдағаны дұрыс. Ал үнемі көңілді жүретін өмірге құштар мінезіңізді көрсеткіңіз келсе Intuition (Estee Lauder) сатып алсаңыз болады. Көшбасшылыққа ұмтылғыштар Christian Dior фирмасының J Adore-сын таңдағаны абзал. Арыстан-ерлер Polo Sport, Romo Uomo, Zino Davidoff, Havana әтірін сатып алуға кеңес беріледі.

Бикеш. Әрдайым барлығы өз орнында, қалыпты болуды қалайтын бикештер аңқыған иісті жаны қаламайды. Өсімдіктің де өткір емес иістілерін жаны жақсы көреді.Олар бейтарап, салқындау реңк беретін әтірге құмар. Бұл бикештердің құпияға толы жандар екенін байқатады. Олар романтикаға жаны құмар екенін жасырғысы келеді. Шай ағашы, арша иісін қалайды. Бикештер Diva немесе Paloma Picasso, Anais Anais, Roma-ны таңдауына мүмкіндігі бар. Ұқыптылық, жұмсақтықты байқататын Jil Sander компаниясының Sensations деп аталатын әтірін алып көріңіз. Ерлер One, Angel, Sculpture, Jazz парфюмдеріне мән беріңіз.

Таразы. Таразы раушан гүлінің хош иісін жақсы көреді. Сондай-ақ, күзгі гүлдердің иісіне жаны құмар. Олардың өз бағасын жоғарылатуына тәтті иіс көмек береді. Бойына сенімділік ұялатады. Бұл белгіде туылғандар ешқашан өткір иістер қолданбайды. Жемістер аңқыған парфюм таразының таңдауы. Әйелдер Venezia, Gabriela Sabatini, Priscilla Presley, Poeme әтірін алса артық болмайды. Егер де сіз шығармашылық адамы болсаңыз Ella Mikao Design компаниясының Еlla Mikao әтірін таңдаңыз. Әрдайым көңілді жүретін, өмірге деген көзқарасы ерекше жандарға Jean Luc Amsler Femme (Jean Luc Amsler) немесе Coty фирмасының Toujourns Masumi-н алуға кеңес беріледі. Таразы-ерлерге Boss Elements, Declaration, Black Seans, Hugo әтірі лайық.

Cарышаян. Сарышаяндар әтір иісін таңдауға келгенде өздеріне еркіндік береді. Достықта адал болғанымен, жақынын өз шекарасына түбегейлі енгізуге қарсы олар біреуге ұнайтын иісті ешқашан алмайды. Яғни кеңеске құлақ аспайды. Сарышаяндардың белгісі су болғандықтан, көк түсті гүлдің иісі өздерін тыныштандырады деп сенеді олар. Нәркес ең сүйікті жұпары. Бұл белгіде туылғандар жұмсақ иісті жөн көрмейді. Бұл оның мінезінің іштей қаталдығын байқатады. Олардың жүрегін жаулап алу үшін геометриялық үлгідегі құтыдағы әтірді сыйлаңыз. Әрине иісі жоғарыда айтылғандарға сәйкес келсін. Әйелдерге Contradiction, D»Amarige, Extravagance, Vanessa, егерде шыдамды болсаңыз Calvin Klein фирмасының Truth-і алуға кеңес беріледі. Balmain классикалық компаниясы Eau d`lvoire-ді ұсынады. Сарышаян ерлерге L»Eua D»Issey, Tommy, Dune немесе Eternity жанына жағады.

Мерген. Мергендердің көбісі өз ішіндегісін жасыра алмайтын қызба адамдар болып келеді. Әрі әрдайым жаңашылдықты, өзгеріс болғанын қалайды. Сондықтан, әтір иістерін де жиі ауыстырады. Өмірге мейірімді көзбен қарайтын ашық-жарқын мергендердің достары көп. Алайда, олар жанындағылардың кеңесіне әтір таңдауда құлақ аспайды. Лаванда оның жанына жағады. Мұхит ароматынан мерген өзіне экзотикалық нұсқаны таңдайды. Әйелдерге Champs Elysees немесе S.Jacomo, L.B.de Ricci, Sculpture таңдау ұсынылады. Мерген қыздар үнемі түйедейді түймедей етіп жүретіндіктен шырынды иіс E`Zup немесе Premier Jour (Nina Ricci)-ті алғаны абзал. Еркіндікті қалайтын мерген-ерлер One, Dolce & Gabbana, Bulgari, Escape-ға мән бергені дұрыс деп кеңес беріледі.

Тауешкі. Тауешкілер өте жауапкершілігі жоғары, ұйымдастыру қабілеті мықты жандар. Олардың ең сүйікті гүлі — камелия. Ақгүлдің иісін де ұнатады тауешкілер. Сөздің емес, істің адамы екендігін көрсететіндері емдік шөптердің иісін таңдайды. Дегенмен, тауешкі белгісінде туылғандар әтірлерін жиі ауыстырады. Соңында классикалық, өткір иістерге тоқтайды. Бұл өзін қатал, іскер көрсету үшін қажет. Ұқыпты тауешкілер тіпті әтірдің құтысына да мән беруді естен шығармайды. Қою түстілеріне де көзі түседі. Бұл белгіде туылған әйелдерге Rocco Barocco Silver, Ocean Dream, Dolce Una, Organza-ны таңдауға кеңес беріледі. Нәзік жандылардың қатал мінезі бар екенін де көрсететін Lacoste for Women (Lacoste). Ерлерге Yatagan, Hugo, Green Jens немесе Havana ұсынылады.

Суқұйғыш. Суқұйғыш белгісінде туылған жандар еркіндікті жаны қалайды. Тіпті, әтір таңдауда да тек өзінің қалағанын алғанды жақсы көреді. Дегенмен, көпшілік ұнатқанға да мән береді. Суқұйғыштар өзінің жан-дүниесі құпияға толы адам екендігін жасыруға тырысады. Сондықтан, бейтарап иіске құмар. Өткір немесе тәтті иісті әтірді пайдаланған кезде өзін жайсыздау сезінеді. Жұпар жаңғағы, қалампыр иісі бұл белгіде туылғандар үшін аса қажет. Әйелдерге Oh Lala, Anais Anais, XS и 1881-Cerruti дұрыс. Өзін ерлердің алдында сенімсіз сезінетіндер Ghost немесе Givenchy Oblique-ға мән берсін. Құтының түсі көк болса жақсы. Суқұйғыш – ерлер Polo Sport, Opium, Kenzo немес Roma Uomo әтірін алса қателеспейді.

Балықтар. Сынға дұрыс қарамайтын балықтар үшін лалагүл, орхидея өсімдігінің иісі аңқыған парфюм өте қажет. Мимоза көңіл күйді көтереді. Балық белгісінде туылғандар өздерін мейірімді, жұмсақ, нәзік көрсетуге тырысады. Сондықтан, жұмсақ иісті әтірге мән береді. Раушан гүлі, арша жұпарлы парфюм балықтарға ұнайды. Құтыға қарайды. Әйелдерге Diva, Champs Elysees, Jungle, Roma-ны таңдауға кеңес беріледі. Сондай-ақ, су белгісіндегілер Sergio Taccini фирмасының Ozone әтірін алуына болады. Words (Coty) оларға сенімділік сыйлайды. Ерлер Minotaure немесе One Men Show, Fahrenheit, Sculpture иісін сатып алғаны абзал.

Дайындаған — Ғалия ҚЫЛЫШПАЕВА