Ұлттық компаниялардың акциялары үлестіріледі

«Халықтық IPO» арқылы ұлттық компаниялардың үлескері болыңыз

«Халықтық IPO» бағдарламасы жайлы көптің көкейінде жүрген сауал көп. Елбасымыз Н. Назарбаев міндеттеген  бұл

«Халықтық IPO» арқылы ұлттық компаниялардың үлескері болыңыз

бағдарлама бірнеше жылда кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Ал әзірге қарапайым халықтың санасында «ірі компаниялардың акциялары ертеңгі күні бай-манаптың уысында кетпей ме?» деген күдік басым. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының ғимаратында өткен жиында осы «Халықтық IPO-ның» халыққа тиімділігі кеңінен талқыланды.

Жуық арада еліміздегі ең ірі компаниялар өздерінің құнды қағаздарын жария түрде нарыққа шығармақшы. Барлық талаптарға сақадай-сай жауап беретін «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Kerok» АҚ «IPO»-ға өз акцияларын бірінші таратады. 2013 жылы «ҚазТрансГаз», «Самұрық-Энерго», «ҚазТеңізКөлікФлот», 2014-2015 жылдары «Қазақстан теміржолы», «ҚазТемірТранс», 2015 жылдан кейін «ҚазМұнайГаз» бен «ҚазАтомӨнеркәсіп» өз акцияларын үлестіреді деп күтілуде.

Зер салсаңыздар  аталған компаниялардың барлығы да еліміздегі ең ірі, алпауыт кәсіпорындар саналады. Енді сіз бен біз қалтамыздағы қаржыны сол компаниялардың акцияларын сатып алып, кірістің бір бөлігіне иелік етуге құқығымыз бар.

Жеке кәсіпкер Нақыпбеков Серік «Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшесі арқылы алғаш өтініш бергендердің бірі. Ол акционер болу үшін әрбір адамның қаржылық сауаттылығы жоғары болу керек деп есептейді. «Болашақта бұл бағдарлама жүйелі түрде іске асса, өз жемісін береді. Тәуекелге барып, біраз қаржыма акциялар сатып алмақпын» деді бізге берген сұхбатында.

«Халықтық IPO» аясында сатылатын бір акцияның бағасы «10 мың теңгеден аспайды» деп мәлімдеген еді мамандар. Олай болса ұлттық компаниялардың  үлескері болуға мүмкіндігіміз көп.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=pQcdO_GI64A[/youtube]