Ұрлаған 2 млн. теңгесін жаратып үлгерген

224
қылмыс жасағандар тоғытылды

Шымкетте ұры ұсталды. Ол өзінің кінәсі толық мойындап отыр. Айтуынша, бұл оншақты істі ешкімнің көмегінсіз жалғыз өзі тындырған. Және түнде ғана емес, күндіз де жорыққа шығып отырған.

Жақсылықов Бақытжан, Абай аудандық полиция бөлімінің тергеушісі: «Қала тұрғындарынан бізге бірнеше өтініш келіп түсті. Көпшілігі автокөліктер мен жеке үйлерге қатысты. «Самал-3» ауданының бір тұрғынының үйінен ұры 1 млн. 400 мың теңгені үптеп кеткен. Жедел іс кесу барысында Н. есімді күдікті ұсталып отыр.

Күдікті үйде қожайындардың жоқ кезін пайдаланып, терезені талқандап кірген. Ол қымбат әшекей бұйымдар, термыстық техника заттарын, сондай-ақ көпшілігінде ірі көлемде ақша жымқырып отырған.

Бақытжан Жақсылықов,Абай аудандық полиция бөлімінің тергеушісі:»ҚР-ның Қылмыстық кодексі бойынша 175-баптың 3-ші бөлімі, В пунктіне сәйкес 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады».

Келтірілген зиян мөлшері 2 миллион теңгеден асып отыр. Қылмыскер барлық қаржыны жұмсап жіберген. Тергеушiлер қазiр оның басқа да ұрлықтарға қатысы барын анықтауға кірісті.