Қуан қазақ! Бүгін қуанатын күн болды қазақстандықтар үшін! Олимпиада ойындарында алғаш қазақ баласы алтыннан алқа тағынды! Спорттық жолында ауыр сәттер мен қиын кедергілерден өткен Серік Сәпиев қолғап түйістіруде 69 келі салмақта әлемді мойындатып, британдық боксшы Фредди Эванстан жеңісті тартып алды. Олимпиада өтіп жатқан қожайындар үкілеп қосқан спортшыны біздің мақтанышымыз айқын басымдылықпен ойсарата жеңді. Есеп 17:9. Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны елімізден аттанған өзге боксшыларымыз жіберген есені қайтармаса да, көптен күткен жеңіске қол жеткізді.
Әлемнің екі дүркін Чемпионы осылайша Олимпиада жеңімпазы атанды. Бұл кез келген спортшы үшін үлкен жеңіс. Қазақ елі үшін,киелі саналатын жеті саны, яғни жетінші алтын қоржынға түсті!
Онымен 81 келіге дейінгі салмақта қолғап түйістірген 21 жасар боксшы Әділбек Ниязымбетов күміс медальға қол жеткізді. Есеп басын 15 :15 етіп тең аяқтаған Әділбек Ресейдің өте тәжірибелі боскшысы Егор Мехонцевке алтынды беріп қойды. Төрешілер Мехонцевті жеңімпаз деп тапты. Ал күрестен тараздық Ақжарқын Таңатаров қола медальға қол жеткізді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_duz0qtup70[/youtube]