«Арман» тобы продюсерсіз жұмыс жасайды

"Арман "тобы

Бүгінде өнер сүйер қауымның, әсіресе, нәзік жандылардың ерекше ықыластарына бөленіп жүрген «Арман» тобы осыдан бірнеше жылдар бұрын өнер ордасы Алматыға кеткен болатын. Көп ұзамай  топ Шымкент қаласына қайта келді. Енді жігіттердің айтуынша, олар продюссерсіз жұмыс жасайтын болыпты. Тіпті, Алматыға қоныс аударғанда қойған «Аршат» деген  атауларын қайта өзгертіп, «Арман» деп топтың атын өзгертіп алды.

Ғалым Жаңабайұлы, «Арман» тобының әншісі:»Біз Алматы қаласына бірнеше жыл бұрын кеткен болатынбыз. Қазір қайта атауымызды өзгертіп «Арман» тобы болдық. Топ құрамдары өзгерген жоқ. Тек Алматы қаласында бір сөзбен айтқанда жолымыз болмады. Продюссермен жұмыс жасау сәтсіз аяқталды. Енді өз алдымызға жұмыс жасап көрмекпіз. Жақында «Арман-ай» атты әнімізге өз қалтамыздан бейнеклип түсірдік».

Топтың ендігі мақсаты, ел ордасы Астанаға барып, ән әлемінде өзінідік орындарын қалыптастыру. Ғалымжанның айтуынша, Астанаға ауқымды жобамен кетіп баратын көрінеді.

Ғалым Жаңабайұлы, «Арман» тобының әншісі:»Барынша тез танылып, сондағы тындармандарымызбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасағалы отырмыз. Сәтін салып, орнығып алатын шығармыз. Қиналамыз, бірақ, төзімділік танытып, белгілі бір дәрежеге жетуге белсінділік танытамыз».

-Шоу әлемінде продюсерсіз жұмыс жасау  мүмкін бе?

— Бұрынғы продюсермен арадаға келісім-шартты неге бұзғанымызды айтпай-ақ қояйық. Бірақ тойларға шығып, қаражатты үнемдеп жұмыс жасаймыз. Продюссердің жұмысын өзіміз-ақ жасай алатынымызға сенімдіміз.

— Алматыдан құр қол келмеген шығарсыңдар? Тым болмағанда тәжірибе жинақтаған боларсыңдар? 

— Ия, дұрыс айтасыз, ол жақтан біз таныс-тамыр таптық. Белгілі эстрада жұлдыздарымен тығыз қарым- қатынас та орнаттық. Бір сөзбен айтқанда, көзіміз ашылды. Алдағы уақытта бұл тәжірбиеміз Астана қаласында қажетімізге жарар.

Айта өтейік, топқа тағы бір әнші қосылып, топ құрамы төртеу болды. Арманын арқалаған «Арман» тобына ақ жол тілейміз.