Қарақат Әбілдина продюсер болмақ

Қарақат Әбілдина
Қарақат Әбілдина

Қарақат Әбілдина кішкентай өнерпаздардан құралған «Жетіген» атты топқа жетекшілік етуді қолға алған болатын. Олар аты айтып тұрғандай жетіген аспабында шебер ойнап қана қоймай, сызылта ән де салады.Жақында өнерлі өрендермен бірге Қарақат «Сайра бұлбылым» мен «Келші балапаным» атты екі әнге бейнеклип түсірді. Бұл жаңа туындылар отандық телеарналардан көрсетіле бастапты. Әншінің айтуынша екі бейнеклипке 15 мың АҚШ доллары кеткен. Қаржынының басым бөлігін Қарақат өз қалтасынан төлепті.

Қарақат Әбілдина, әнші:»Бұл топ екіге бөлінген. Үлкен және кіші топ. Барлық өнерпаздар менің Астана қаласындағы жеке мектебімдегі оқушылар. Бәріде өнерлі. Ал өзімнің мектебіме келер болсам, күннен күнге келушілердің саны көбейіп барады. Өздеріңіз білесіздер, мен елордамыз Астана қаласында жас өнерпаздарды дайындайтын мектеп ашқан болатынмын. Қазір онда 120 бала білім алып жатыр. «Жетіген» атты топ құруымның негізгі мақсатым ол жетіген аспабының қыр сырын терең ұғындырып, өскелең ұрпақтың ойынан ол аспабтың шығып кетпеуін жіті бақылауда ұстау. Тағы бір айта кететін жаңалық жақында мектебім жаңа ғимаратқа көшті.Бұлда қуанышты жаңалық. Өйткені жылдан жылға өнерге қызығатын жастарымыз көбейіп келеді. Ал өзімнің жеке шығармашылығыма келер болсақ, өзім соңғы рет 2005 ші жылы концерттік кеш беріптім. Қазір ұсыныстар келіп түсіп жатыр. Мүмкін тағыда бағдарламаны жаңартатын шығармын. Ең бастысы жас өнерпаздардан шығармашылығын шыңдау болып отыр. Жақсы жақсы әндермен бейнеклиптермен сіздерді қуантатын боламын».