«Бекжанға» көмектесер қорға 22 млн. теңге қаражат түсті

175
Өртеніп кеткен Бекжан базарының сатушылары өтемақыларын ала бастады

Шымкенттіктер «Бекжан» базарындағы өрттен зардап шеккен сатушыларға көмектесіп жатыр. Бір күннің ішінде «Көмек» қорына 22 млн. теңгеден астам қаражат түсті. Қорға алғашқылардың бірі болып — «Жолшылар мен құрылысшылар» қауымдастығы және қаладағы ірі базарлардың бірі қаржы аударған. Мұның тиын тебеніне дейін апат кезінде мүлкінің түгі қалмай өртеніп кеткен сатушыларға таратылады.

Естеріңізге сала кетейік, Бекжан базарындағы өрт салдарынан сауда орны түгелдей өртеніп 7 мыңға тарта сатушы зардап шеккен. Алғашында оларға базар иелері өтемақы берген. Қалғандарына енді қайырымдылық қоры көмектесіп, қол ұшын созады.