Шымкенттегі күлі көкке ұшқан «Бекжан» базарының сатушылары шығынға белшесінен батты. Талай мүлкінен айрылып, ашуға булыққан саудагерлермен кездесуге «Бекжан» базарының құрылтайшысы Әмірхан Шүменов Алматыдан ұшып келді. Базар басшысының мәлемдеуінше, сауда орны 15 кәсіпкерге жалға берілген. Бірақ, олармен кездесу мүмкін болмай отырғанын және базардың қасақана өртелгенін мәлімдеп отыр.
5 гектарға жуық аумақта 3 мыңнан астам сатушы нәпахасын тауып, күнелтіп келген. Базар құрылтайшысы саудагерлерге шама-шарқы жеткенше шығынды өтеуге және 2-3 айда сауда орындарын қайта қалпына келтіруге уәдесін берді.
Әмірхан Шүменов, «»Бекжан» базарының құрылтайшысы: «Мен шет жағасын түсініп тұрмын. Біраз адамдардың айтуынша, жарық бірден өшіріліп, бірден 4-5 жерден өрт шығыпты. Мен барлық павильондарға 20 метрден су тартуға арнайы шланга тартып қойғанмын. Су да жайына кеткен, 4-5 жерден өрт шыққаннан кейін күзетшілерде қашып кетіпті. Мен ешкіммен кездесіп, сөйлесуге мүмкіндігім болған жоқ. Қазір ұшып келдім. Біреулер айқайлап айтып жатыр, келісім-шарт жанып кетті деп. Бәрінің көшірмесін береміз. Бар күшті салып 2-3 айда орнына келтіреміз. Жерге қарап отырғанымыз жоқ. Мен әдейі қастандық жасалды деп санаймын. Халыққа түскен күн, маған да түсіп тұр. Бәріміздің мыңдаған миллиондарымыз жанып кетті.Мұны қасірет деп санаймын».
Ал жергілікті басшылар банк өкілдерімен кездесіп, несие мерзімін созуға және өзге базарлардан орын тауып беруге кірісіп кетті.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=X62aUgbX97c[/youtube]