«БИІК» командасы жастарының ойындары жалғасуда

271
Қонақтар кезекті рет үш ұпайға ие болды

Ақтаулық «Каспиймен» кездесу Шымкенттің жасыл алаңында өткен болатын. Алғашқы таимда жерлестеріміз есепті сақтай алды. Алайда, төрешінің шешімі бойынша Биіктің қақпашысы ойыннан шығарылды. Ол дегеніміз матчтың екінші жартысында алаң қожайындарының құрамы бір ойыншыға кем болады.

Нұрлан Орынбаев, №7 футбол мектебінің директоры:»Жас ойыншыларға қоодау көрсетиудің орнына төрешілер аяқтан шалады. Әрине, олардың жұмысын сынға салуға менің құқым жоқ. Алайда, бұл шешіммен мен келіспеймін. Айып соққы қойсын, бірақ ойыннан шығарып тастау деген қатаң жаза. Мен ойыннан кейін бейнетаспаны тиісті органдарға жіберуді ұйғарып отырмын.»

10 жас ойыншы ересек 11 футболшыға төтеп бере алмады. Алғашқы гол да қақпаға соғылды. Оның соңынан көп ұзамай екіншісі де соғылды. Шымкенттіктер есепті сақтап қалуға тырысқанымен 15 жасар қақпашы өз орнын қорғап қала алмай, бес бірдей допты жіберіп алды.

Тек ойынның соңғы минуттарында ғана биіктің жастары гол соғуға мүмкіндік алды. 11 метрлік айып соққыны 8 нөмірлі футболшы шеберлікпен орындады. Көп ұзамай, екінші гол да қонақтар қақпасына соғылды. Алайда, бұл тұста матч та өз соңына жетіп, ойын тоқтатылды. Есеп 5-2.

Келесі ойынды да  Биіктің футболшылары өз алаңында өткізді. Бұл жолы олар «Ақтөбе жас» командасымен таласқа түсті. Алғашқы таимда есеп ашылмады. Ал ойынның екінші жартысында жерлестеріміз алға шықты. Екі бірдей голдың авторы атанып, бапкерлер шәкірттерінің жеңісіне сенімді болатын. Алайда матчтың аяқталуына 15 минуттай қалғанда «Биік» өз қақпасын аман сақтап қала алмады. Бұл жолы да қонақтар үш ұпайға ие болды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=BOczBHIMw9o[/youtube]