Әлеуметтік аз қамтылған және жетім 20 балаға Шымкент қаласы жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері сыйлық таратты. Мектепке қажет киімдер, сөмке, аяқ киім. Мұның барлығын олар «Мектепке ақ жол» акциясы аясында ұйымдастырылған қамқорлық шарада алды.
Алғашқы сөмкесі, мектеп формасы, ақ бантигін алған Ұлжалғас Тасболатованың көңілі шат. Биыл 5 жасар қыз бірінші сыныпқа барады. Енді мектепке дайынмын деген бүлдіршін болашақта сабағын жақыс оқуға уәде берді.
Жалпы ел бойынша өтіп жатқан «Мектепке ақ жол» акциясын жедел жәрдем ауруханасында «алтын қолды хирург» Мади Ходжаұлы жалғастырды. Ол жетім және тұрмысы төмен отбасыларының 20 мектеп жасындағы баласына білім алуға қажетті заттармен қамтыды.
Бір дорба сыйлық алған бала да, ана да мәз майрам болып, ұйымдастырушыларға алғысын жаудырып жатты. Сәйкесінше, дәрігерлер де балалардың денсаулықтарының мықты болып, келешегі кемел, болашағы жарқын болсын деген тілектерін жеткізді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Rg9ZOZlugao[/youtube]