Елімізде қайта қаржыландыру мөлшерлемесі тағы төмендеді

325
ҚР Ұлттық Банкі
ҚР Ұлттық Банкі

Елімізде қайта қаржыландыру мөлшерлемесі тағы төмендеді. Биыл мұндай жағдай 4-ші рет орын алып, бүгінгі таңда 5,5 пайызды құрады.

ҚР Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі- бұл аталмыш банктің коммерциялық банктерге несие ұсынғандағы жылдық пайыздық мөлшерлемесі. Ол — қаржылық жағдайды реттеп отырады.

Мөлшерлеме неғұрлым төмен болса, соғұрлым елдің қаржылық жағдайы сенімдірек, ақша қол жетімдірек болады. Несиенің де жағдайы сондай. Ұлттық Банктің төрағасы Григорий Марчинко мұны ең алдымен жылдық құнсызданумен байланыстырады.

Григорий Марченко, ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы: «Қайта қаржыландырудың мөлшерлемесінің ресми төмендеуі ең алдымен 2011 жылдың екінші жартысында басталған жылдық құлдыраудың қарқыны бәсеңдегенімен байланысты. Ол бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. 2011 жылдың тамыз айының аяғында жылдық құлдырау 9 пайыз, 2012 жылдың маусым аяғында 4,9 пайызды құрады».

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі халықтың әл-ауқатына байланысты. Егер мөлшерлеме төмендесе салымшылар ақшаларын жоғалтады. Ал қарыз алушыға пайда түседі. 2012 жылы қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бірнеше рет өзгерген.

Ұлттық Банктің мамандары қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің осы төмен деңгейде сақталуы мүмкін дейді. Оның өсуі қаржылай-несиелік құлдырау жағдайына байланысты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=uoFRu-V0EPI[/youtube]