Гаухар Әлімбекованың «Махаббат құдіреті» әні жарыққа шықты

Гаухар Әлімбекова

«Келінге өсиет», «Анаға хат», «Ақ келін» деген әндерімен үлкен-кішінің жүрегін жаулаған әнші, сазгер Гаухар Әлімбекова ат басын Шымкентке бұрмақ. Сырлы әндердің иесімен аз-маз тілдескен едік…

Сәлеметсіз бе? Оразаңыз қабыл болсын!! Шығармашылығыңыздағы соңғы жаңалықтарыңызбен бөліссеңіз?
– Ия, рахмет, бірге болсын! Тамыз айының 19 жұлдызы күні арнайы шақыртумен Қызылорда қаласында концерттік кешімді бердім. Өнерге сусап қалған халық өте көп жиналды. Хабарласып, тағы да концерт беруімді өтініп жатқандар көп. Бірақ дәл қазір уақыттың тығыздығына байланысты бара алмаймын. Жақында сиясы кеппеген «Махаббат құдіреті» деген әнім көрермендерге жол тартады.

– Әндеріңіздің көпшілігі махаббат тақырыбында? Оның өзіндік себебі бар ма?
– Жүрекке жүк түсірген ауыр ойлар, бақытта толы қайталанбас сәттер ән болып төгіледі. Мұңға, сағынышқа айналады.
Шындығында мен өз бақытымды күтіп жүрген жанмын. Өмірлік жолдасымды жолықтыруыма аз ғана уақыт қалғанын сеземін (күлді)
– Сізді оңтүстік өңіріне келеді деп естіп жатырмыз?
– Ия Алла қаласа күздің алғашқы айында Шымкент қаласында жеке концертімді беру жоспарда бар. Жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Қандай істі бастамас бұрын алдымен Шымкенттен, туған жерімнен бастаймын. Одан кейін Астанаға жол тартсам ба деп отырмын.
Сұхбатыңызға рахмет! Шығармашылық табыс тілейміЗ!