Төлеби ауданындағы тіл кемістігі бар балалар интернатында тоғыз ай бойы балаларды зорлау фактісі орын алған. Ата-аналар осылай деп шырылдайды. Айтуларынша он төрттегі жасөспірім өткен оқу жылында он және он екі жасар екі баланы зорлап келген. Осыны жария ету үшін арнайы баспасөз мәлихатын ұйымдастырған ата-аналар интернат басшыларын бұл жәйттерді біле тұра нақты шара қолданбады дейді. Ал педагогтар жағы ондай болуы мүмкін емес дегенді алға тартады.
Интернаттағы балаларымызды ұрып-соққан жасы үлкен балалар зорлық-зомбылыққа да барған! Ата-аналар осылай деп налуда. Жаға ұстатар жағдайды кеш білдік дейді ата-аналар.
Жәбірленуші ата-ана:«Бұл жағдайды 25-майда кешке естідім. Бірақ, сол мектепте балам оқығанымен көңілім толған емес. Сол бала саған сондай жаман нәрсе істеді ме деп сұрадым? Зорлап сондай жаман нәрсе істеді ма десем, ия мама солай істеді деді. Ұйықтар кезде 2 рет істейді, түсте ешкім болмаған кезде обедте бір рет істейді дейді».
Жәбірленуші ата-ана: Ертесіне интернатқа барып сынып жетекшісіне жолықтық. Құқық қорғау органдарына бір ай өткен соң бардық. Себебі, мектеп директоры Айтуғанова Зүбайра құжаттардың барлығын толық беремін деп, уақытты созып жүрді».
Ленгірдегі тіл кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернатында 230 бала оқиды. Әр бөлмеде 17 баладан тұрады. Олар ас ішсе де, сабаққа барса да, ұйықтаса да бірге жүреді дейді интернат директоры. Сондықтан зорлық-зомбылықтың болуы мүмкін емес деп отыр.
Зүбайра Айтуғанова, тіл кемістігін оқытатын мектеп-интернатының директоры: «Ата-аналардың айтып жатқаны біздің интернатқа ауыр тиіп отырған нәрсе. Себебі, мұндай іс біздің интернаттың қабырғасында болуы мүмкін емес. Себебі балалар 24 сағат, бір тәулік бойы мұғалім, күндізгі-түнгі кезекші, менің назарымда».
Ал баспасөз мәслихатына ешбір өкілі келмеген білім басқармасына арнайы барғанымызда, шақырту хатын алмағанын алға тартты.
Нышан Байғұт, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары: «Прессконференцияға қатысу жөнінде ешқандай хат алғанымыз жоқ. Егерде болатынын білген жағдайда біздің мамандар міндетті түрде қатысатын еді. Себебі бұл жағдай бізді бей-жай қалдырмайды. Мектеп-интернат әкімшілігі бұл мәселені біліп, анық-қанығын анықтап, бір шешімге келу үшін Төлеби аудандық ішкі істер бөліміне хат берген. Соның нәтижесінде бұл мәселе анықталып отыр,ондай келеңсіз жағдайдың болмағандығы. Бірақ, біз болмады деп отырғанымыз жоқ, бұл мәселе бойынша сол ұжымға арнайы комиссиямыз барып, алдағы уақытта да болдырмау тапсырылды».
Алайда, ата-аналар қандай да бір шешім шығарылатынына сенімсіз.
Жәбірленуші ата-ана: «Бұл мәселеде ешқандай құзырлы органдарға сеніп отырғаным жоқ. Ешқайсысы маған жауап айтпайды, жәбірленуші мен. Бірақ, құзырлы органдардың барлығы маған қарай атака жасайды. Жәбірленуші де мен, жауап беруші де мен боламын ба?»
Комиссия жұмысының қорытындысы қалай шығарылатынына тек уақыт төреші.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9nIpaDgKtd8[/youtube]