Көкбұлақ ауылы ауыз суға қол жеткізеді

712

Ордабасы ауданындағы көкбұлақтықтар ауыз суға қол жеткізбек. 1-қыркүйекте мұнда су жүйесінің құрылысы аяқталады. Бұйыртса, Көкбұлақ ауылы таза тіршілік көзімен қамтылған аудандағы 30-шы елдімекен болмақшы.

Ауыз су жүйесінің құрылысы былтыр жазда басталған болатын. Ұзындығы 13 шақырымға жуық су құбыры 11 көшеге жеткізілген. Сметалық құны 179 млн. теңгені құрайтын жоба үйді-үйге есептегіш құралымен бірге тіршілік көзін тартып беруді қамтиды.Бұл биыл күзде бір жарым мың халық таза ауыз суға қарқ болады деген сөз.

Бадам ауылдық округінде 200 орындық Алтын төбе жаңа мектебі бой көтеру үстінде. Құрылыс сәуір айында басталған, сметалық бағасы — 335 млн. теңге. Енді істі желтоқсанда тәмамдау жоспарда бар. Облыс басшысы нысанды ертерек аяқтауды тапсырды.

Мұнымен қоса Ордабасы ауданында 4 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Демек, осы өлкедегі апатты деп танылған 5 білім ұясының да проблемасы шешілмек.

Бұйыртса, жыл соңына дейін ордабасылықтар жаңадан бой көтерген әлеуметтік нысандарды әжетіне жарататын болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=mxUfJ8U7lLY[/youtube]