«Химфарм» фармацевтикалық компаниясы халықаралық GMP стандартына өтуге дайын. Жаңа цехтар мен лабороторияларды алғашқы болып журналистерге көрсетті. Санитарлық тазалық та жіті назарда болады деген компания мамандары жұмыс барысын арнайы терезелер арқылы да бақылауға болатынын айтады.
Бұл «Химфармның» басты препарат сақтау қоймасы. Өнім шығаруда да мекеме отандық өнімдердің 50 пайызын құрап отыр. Әрбір дәрі-дәрмектің бесінші тоғанағы ОҚО-да өндіріледі.
Қазақстанда тұңғыш рет халықаралық стандартқа сай антибиотик шығарылатын болады. Алғашқы шығарылымы қыркүйек айына жоспарлануда. Компания қазіргі уақытта Европадан келетін мамандарды күтіп жүр. Олар оңтүстікқазақстандықтарды жаңа бағыт бойынша жұмыс істеуге оқытпақ.
Жуырда Химфарм ампулалық цехтың құрылысын аяқтайды. Жылына 350 миллион ампула өндіріледі деген болжам бар.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Mgao6JNBEFM[/youtube]