Сонымен..
49 келі
Әлемде бұл салмақта да мықтылар көп. Бірден айта кетейік, Біржанға жеребе жолдас болған жоқ. Оның негізгі қарсыластарының бірі орта жолдан тоқтайтын түрі бар. Яғни, кубалық Иосбани мен қытай Зоу Шиминь екінші айналымда жұдырықтасады. Біржанға ең қауіптісі ширек финал болайын деп тұр. Біржан жартылай финалдың жолдамасын иелену үшін жаңағы Зоу Шиминб немесе Иосбани Сотомен жолы түйіседі. Әрине, ол үшін екінші айналымда филиппиндік Марк Баррриганы ұтса. Ал ширек финалдан аман есен өтсе, Бейжің олимпиадасының жүлдегері ирландиялық Прэдди Барнс, үнді Лайшрам Девендро немесе моңғол Сердамба Пуревдоржбен айқасады. Шынында, жерлесімізге финалға шығу оңай болмайтын сыңайлы. Ал финалдағы қарсыласы Давид Айрапетян, Каев Понпраюн немесе Джон хун Шиннің бірі болуы мүмкін.
52 келі
Құрамадан әсіресе Ильяс жартылай финалға шығу үшін көп тер төгуі керек. Екінші айналымда әлемнің вице чемпионы Эндрю Селбимен шеберлік байқасады. Құдай қолдап оны ауылына қайтарса, ширек финалда кубалық Робейси Рамирестің әуселесін байқайды. Міне, ең қиын жекпе-жек осы. Одан өтсе, Роши Уоррен, Нордин Оубали. майкл Конлан сияқты мықтылармен айқасады.
56 келі
Қанаттың келесі қарсыласы оңай шағылар жаңғақ емес. Әлем біріншілгінің жүлдегері Джон Невин. Сәттілік серік болып оны ұтып жатса, ширек финалда әлем біріншілігнің тағы бір жүлдегері тәжік Анвар Юнусовпен қолғап түйістіреді. Оны жеңсе, жартылай финалдағы қарсыластары өте әлеуетті боксшылар. Жартылай финалда әлем чемпиондары кубалық Лазаро Алварес және Сергей Водопьянов жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады.
60 келі
Ғанидың келесі қарсыласы үндісті ұтатынына сенім бар. Өйткені Бакуде Бхагванды оңай жеңген еді. Алайда ширек финалдағы қарсыласы өте қарымды кубалық Ясниель Толедо. Осы бәсекесі қиын болмақ. Егер кубалықты ұтып жатса, жартылай финалда Украина мақтанышы Василий Ломаченко. Міне, Ғани олимпиада чемпионы атану үшін осы қарсыластарын жеңуі керек.
64 келі
Бұл салмақтағы боксшылардың айқасы өте тартысты өтетін түрі бар. Екінші айналымда әлем чемпионы Эвертион Дос Сантос пен куба қабыланы Рониель Иглесиас қырқысады. Қай жеңгені ширек финалағ шығады. Данияр екінші айналымда иран жігіті Мехдиді айналып өтуі тиіс. Ал ширек финалда Бакуде өзі есе жіберген венгр Гьюла Катемен қайта кездеседі. Одан есе қайтаруы тиіс. Ал жартылай финалда жаңағы Эвертион Дос Сантос немесе куба қабыланы Рониель Иглесиаспен жолығады. Денис Беринчук, Томас Сталкермен тек финалда күтіп тұруы мүмкін.
69 келі
Бір айта кетерлігі, Серікке жеребе сәтті түскен. Тарас Шелестюкпен тек финалда жолығады. Біздің Серік алғашқы бәсекесінде жапонды айналып өтетіні анық. Ширек финалдан да оңай өтуі ләзім. Ирак. Венесуэла боксшыларының әлеуеті көпшілікке мәлім. Ал жартылай финалда өзінің сыралғы қарсыласы Андрей Замковой немесе үндіс Викас Кришанмен шайқасуы керек. Серіктің қарымы бізге белгілі. Біз Серіктен алтын күтеміз. Финалда Тарастан есе қайтаруы тиіс.
81 келі
Рас, Әділбекке де жеребе жолдас болды.Куба өкілі Жулио Лакрузбен тек финалда жолығады. Жартылай финалға дейін еш қиналмай өтетініне сенеміз. Өйткені алғашқы қарсыласы колумбиялық Карлос Гонгораны ұтатынына еш күмәніміз жоқ. Ширек финалда түрік Бахрам Музаффер немесе иран Рузбаханиді жолдан ығыстыруы тиіс. Ал жартылай финалда әлемдік бокс сериясының жұлдыздары алжирлік арлан Әбделхафид Беншабла немесе Александр Гвоздиктің шамасын байқап көреді. Біздің болжамымызша, Әбелхафид пен Гвоздик Әділбектің негізгі қарсыластары емес. Бұл салмақта Елшод Расулов пен Егор Мехонцев ширек финалда айқасады. Әділбек олармен тек финалда жолығуы мүмкін.
+ 91
Байқағанымыздай, Иванның да жеребес ауыр. Алайда жүлде алуға тамаша мүмкіндігі бар. Ваня алғашқы қарсыласы неміс Эрик Пфайфердің осал тұсын табуы тиіс. Одан өтсе ширек финалда француз Тони Иока күтіп тұр. Бап пен бағы қатар шапса, оны да еліне қайтаруға Ваняның шамасы жетеді. Бірақ жартылай финалда өте қауіпті қарсыласпен жолығуы мүмкін. Финалға өтуі үшін қытай Жанг Жилей, кубалық эрисланди Савон немесе шаршы алаң қожайыны, әлемнің вице чемпионы Энтони Жошуамен айқасады. Ең қызық осы жартылай финал бәсекесі болмақ. Магомедрасул Меджидовпен тек финалда кездеседі.
P.S: Міне, бокс жанкүйерлері! Отандастарымызға жеребе оңай түскен жоқ. Жүлдеге жету үшін бәріне тер төгу керек. Дегенмен, бәрін де шаршы алаң анықтайтынын ұмытпайық. Біздің жігіттерден Серік, Әділбек, Данияр, Иванның жүлде алатын мүмкіндігі бар. Тек тіл көзден, төрешілерден Құдай сақтаса.