Кәсіподақ кеңесінің қызметкерлері «Мирас» шағынауданындағы тұрғындардың құқықтарын қорғайды. Бүгін қоғамдық көшбасшылар мен әкімшілік қызметкерлерімен осы тақырыпқа байланысты кездесуі керек болатын. Алайда, күн тақыбырындағы күйіп тұрған мәселе бойынша шенеуніктер ашық диалогқа шыға алған жоқ.
Еске салайық, Шымкенттің бас жоспары бойынша шаһардағы 634 гектар жерге таяуда әкімшілік іскерлік орталығы салынуы тиіс болатын. Осыған байланысты қаладағы төрт шағынауданның 1300 баспанасы бұзылуы қажет.
Өтпей қалған шараны кәсіподақ кеңесінің мүшелері қалайда жүзеге асырамыз деп серт етті. Сол шақта созбалаңға салынған бас жоспар жырына нүкте қойылмақ.