Есеп 0:0. Алғашқы таим осындай есеппен аяқталды. Өз алаңымызда жеңіске жетуіміз тиіс деп жанкүйерлер ордабасылықтардан гол салуды талап еткен болатын. Алайда қақпаға бағытталған доп көздеген мақсаттан алыс кетіп жатты.
Төрешінің шешіміне қарсы тұру мүмкін емес. Жанкүйерлер де мұны жақсы түсінеді. Алайда Олег Соколовтың әділдігіне шымкенттіктер наразы болған секілді. Алаңға қолындағы затын лақтырып нәтижесінде ойын бірнеше минутқа тоқтатылды. Десек те, мұндай шаралар да оңтүстіктік құрамасына сәттілік алып келмеді. Қақпаға гол соғылмады. Оның орнына қарағандылықтар алға шықты. «Шахтердің» ойыншысы гол соқты.
Ойын соңына дейін есеп өзгермеді. Ордабасылықтарға жауапты гол соғу бүгінгі матчта бұйырмапты. Шабуыл сәтсіз аяқталды. Ойын соңына қарай жерлестеріміз шабуылын күшейте түсті. Алайда нәтижесіз.
Бұл «Одабасының» үшінші жеңілісі. Алда әлі алты ойын бар. Бүгінде жерлестеріміз турнирлік кестенің жетінші сатысына түсті. Ал ендігі ойын «Ақжайықпен» Оралда өтетін болады.
Виктор Пасулько, «Ордабасы» ФК бас бапкері: «Қарағандылықтар бүгінгі матчта жеңе алған жоқ, керісінше біз жеңілдік. Біз үшін бүгінгі ойын қиынға соқты. Екі айдан бері футболшылар да әбден шаршады. Неге екенін білмеймін, ойыншылардың көңіл күйі де жоқ. Оның үстіне қаражат та аздық етіп, команда құрамын толықтыра алмай отырмыз».
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=dbGev6VMlno[/youtube]