Шымкентте Шәмші әндері шырқалуда

Ш.Қалдаяқов атындағы "Менің Қазақстаным" облыстық ән байқауы

Жеңімпазға — 1 миллион теңге! Ән падишахы Шәмші Қалдаяқовтың туындысын нақышына келтіре орындаған өнерпаз осындай жүлде ие болады.  Шымкентте әйгілі сазгердің атындағы «Менің Қазақстаным» ән байқауы басталды. Іріктеу сынына 50 үміткердің 25-і таңдап алынған болатын.

Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауы

Шәмшінің ақ бантикті қызы, Арыс жағасының аруы, Сырдың сұлуы — бәрі осында. Қатысушылардан тек талант талап етілетін конкурста ән айтуды Оңтүстік өнерпаздары мақтан тұтатын болғалы қашан. Өйткені бұл додадан талай дарын иесі қанатын қатайтып, үлкен сахнама жолдама алған. Бұл — әннің құдіреті болса керек.

Әли Бектаев облыс әкімінің орынбасары. «Шәмшінің әнін орындаған, тыңдаған кезде ерекше күйге бөленесіз. Әрбір туындысынан әдемі ырғақ байқалады. Бұл байқауға қатысқан өнерпаздардың алдының жасы 40-та. Ешқайсысы да өнерден алыстаған емес. Бүгінгі қатысушыларда үлкен өнерге, сахнаға жолдама алады деген үміттеміз. «

Сахнаға алғашқы болып шығу үлкен жауапкершілік екенін үміткерлер ғана жақсы сезінеді. Дауыстан бастап ән орындау шеберлігі, киім үлгісіне дейінгінің барлығы да басты төреші — көрерменнің жіті назарында болады. Түркістаннан келген Біржан Сапарбеков бүгін конкурс шымылдығын Ш.Қалдаяқовтың  «Ақ бантик» әнімен ашты.

Біржан Сапарбеков, байқауға қатысушы

Біржан Сапарбеков байқауға қатысушы, «Әнді орындап тұрған кезде шашында ақ бантигі бар, мектеп формасын киген кішкентай қызды көз алдыма елестеттім. Шынайы орындауға тырыстым. Шәмші ағамыздың әндері шабыт сыйлайды. Әнді сахнаны жақсы көріп кетесін. Бірінші болып сахнаға шығу аса қиын. Қобалжыдым. «

өнерпаз

Ш. Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» ән байқауы биыл 16-шы рет ұйымдастырылып отыр. Басты мақсат — қазақ әніне қолдау. Орындаушыларға әдеттегідей Шәмші Қалдаяқовтың бір әнін және жергілікті компазитордың туындысынан 1 шығарма орындау шарты қойылды. Әрине, халыққа нақышына келтіріп жеткізу де керек. Жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшелері анықтайтын болады. Жүлделер 16-шы тамыз күні «Шәмші гүлзарында» өтетін гала концертте беріледі. Гран-при иегеріне 1 миллион теңге табысталып, республикалық байқауға жолдама алады. Тағы бірі жаңалық Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» байқауы енді өзге облыстарда да өтетін болды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=o2oE5djCoMA[/youtube]