Шымкенттегі мектептерге бейнебақылау орнатылды

395

Жаңа оқу жылына жаңа жүйемен! Шымкенттегі барлық мектептерге бейнебақылау жүйесі орнатылатын болды. Бұл туралы бүгін оқу ордаларының дайындығын тексеруге шыққан комиссия өкілдері хабарлады. Осы арқылы оқушылар арасындағы қылмыс санын азайту көзделіп отыр. Бейнекамералар орнатуға бюджеттен 28 млн. теңге бөлінген. Бұл 80 мектепті жаңа жүймен қамтуға жеткілікті. 

Айта өтейік, білім ордаларының дайындығын тексеру барысында біраз кемшін тұстар да анықталды. Олқылықтар 25-тамызға дейін толықтай жойылуы тиіс деген тапсырма берілді. Осы күні қалада күрделі жөндеуді аса қажет ететін мектептердің де бар екені белгілі болды. Ал күрделі жөндеу жүмыстарына тартылған мердігер компаниялардың өз жұмысына жүрдім бардым қарағаны анықталды. 

Биылғы жылғы қала мектептеріндегі ерекшелік бюджеттен бөлінген 28 млн. теңгеге 80 білім ошағына бейне бақылаудың орнатылуы болып отыр. Білім ошақтарындағы 6 камера арқылы орталық бекеттегі мамандар көріністерді толық бақылап отырады. Таспа бір апта бойына сақталады. Бұл оқушылар арасындағы қылмыс санының кемуіне септігін тигізер деп үміттенеді мамандар.