Лондон Олимпиадасында ептілігін сынға салған Біржан Жақыповты ата-ана, туыстары мен достары күтіп алды. Жүлделі орынға ілікпегенімен, жерлесіміз шеберлігін таныта білді дейді бокс жанкүйерлері. Сондай-ақ, оңтүстік жұртшылығы бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановты да отандастарымыздың жеңісімен құттықтады. Бапкер туған қаласына демалысқа келіпті.
Біржан Жақыпов: «Әділдік, сәл ақсаңдады. Өмір мұнымен тоқтап қалмайды. Демалыстан кейін Әлем чемпионатына дайындығымды бастаймын. Ал Бразилиядағы Олимпиадаға барамын ба жоқ па оны уақыт көрсетер».