Шымкенттік бойжеткендер Чемпиондар лигасының негізгі бөліміне шықты

232
Облыс мақтанышы "БИІК-Қазығұрт" командасы

Сүйінші!!! «Биік-Қазығұрт» қыздар командасы чемпиондар лигасы аясындағы Сербияда өткен іріктеу ойындарында 4 кездесу өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетті. Эстонияның «Пярн» командасын 3-0 есебімен жеңсе, болгариялықтарды 4-0, ал алаң қожайындарын 0-2 есебімен ұтты. Ол дегеніміз, оңтүстіктің құрамасы ел тарихында алғаш рет топты жарып, плей офф кезеңіне шықты. Естеріңізде болса, биыл команданы жаттықтыруды болгариялық маман Калоян Петров алған болатын. Сондай-ақ, оңтүстік құрамасына шет елдік 5 легионер сатып алынды.

Шымкенттіктер енді плей офф кезеңіндегі ойындарға дайындығын бастайды. 16 команданың арасынан топ жару оңай болмасы анық. Алайда жерлестеріміз бұл жолы да топжаруды жоспарлап отыр.

Әлібек Нұртаев, ОҚО туризм, денетәрбиесі және спорт басқарма бастығының орынбасары: «Осыған дейін де европалық аренада отандастарымыз өнер көрсеткен болатын. Алвйда, бұл деңгейге шымкенттіктер алғаш рет шығып отыр. Біз үшін үлкен мәртебе. Оның үстіне біздің шәкірттеріміз топ жарып, төрт ойынның үшеуінде жеңіске жету деген бұрын соңды тарихымызда болмаған жетістік».

Лариса Ли, «БИІК-Қазығұрт» ФК ойыншысы: «Оңай жеңіс болмайды. Бастапқыда психалогиялық жағынан дайын емес сияқты көріндік. Қанша дегенмен европалық аренада ептілік таныту дегендей. Алайда, бірінші жеңістен кейін-ақ топтан шыға аламыз деген сенім ұялады. Нәтижесінде жоспарымыз орындалды».