«Таразбен» «Ордабасының » кездесуінде Мансур Гуйенің жолы болмай-ақ қойды

229
Бабатунда да командасына жеңіс сыйлай алмады

Ордабасылық легионердің  шабуылдары сәтсіз аяқталып, қонақтар қақпасына гол соғылар емес. Ел чемпионатының 19-шы тур ойынында Шымкенттің қорғаушылары да қажетті ойын өрнегін көрсете алмады. Жасыл алаңдағы қателіктің соңы 16-шы минутта «Ордабасы» қақпасына кірген голға әкеліп соқты. Десек те оңтүстіктің жанкүйерлері командасына деген сенімін жоғалтпады.

Қақпаға соғылған голдан кейін тағы 20 минуттай қос команданың футболшылары да қақпаны бағындыра алмады. Шымкенттіктер де есепті теңестірер емес. Бірінші таимның соңына дейін алаңда доп қуалаушылар гол соға алмауда.  Тек ойынның 44-ші минутында ғана Артем Касьянов алға шықты.

Ойынның екінші таймы басталды. Матчтың екінші жартысында Ордабасылықтардың гол соғуға мүмкіндіктері арта түсті. Бұрыштама көтерліген доптың соңы голмен ұласуы әбден мүмкін еді. Алайда, бұл жолы да доп қақпадан тыс кетіп жатты.  Ал тараздықтар болса, қорғаушылардың қателігін дұрыс пайдалана біліп, есепті еселей түсті.

Екінші таймда ойын қыза түсті. Енді жанкүйерлер «Ордабасыдан» жеңіс емес, есепті теңестіруді сұранды. Алайда оның орнына қонақтар үшінші голдың авторы атанды. Нәтижесінде ордабасы турнирлік кестенің алтыншы сатысына орналасты. Келесі матч қызылорданың жасыл алаңында өтеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hGdUMEAgGYY[/youtube]