Темірландықтар төтеннен төнетін қауіптен аулақ болады

409

Енді бұдан бұлай Темірлан елдімекеніне төтеннен қауіп төнбеуі тиіс. Соңғы төрт жылда тасқыннан жүрегі шайлығып қалған жұрт үшін сай-саладағы қардың суынан қорқатын кез артта қалды. «Палуан тас» су реттегіш тоспасының құрылысын жүргізіп жатқандар осылай дейді. Ордабасы ауданында сапарда болған облыс әкімі де бөгет басына ат басын бұрды. 

Жердің тоңы жібіп, сай-салада еріген қардың суы енді осы жерге жиналатын болады. «Палуан тас» бөгетінің орташа сыйымдылығы 3 млн. текше метрді құрайды.

«Палуан тас» бөгетінен жіберілген су Найман арық арқылы Арыс-Түркістан каналына барып құятын болады. Жол жөнекей жайлаған үйлердің қауіпсіздігі үшін үлкен атыздың екі жақ беті бетондалуы тиіс.

Найман арықтың екі жақ бетінің бетондалуына жуырда облыс қазынасынан қаражат бөлінеді. Ал «Палуан» тас» бөгетінің құрылысына бөлінген 66 млн. теңге қазір толығымен игерілуге жақын.

Биыл мамыр айында басталған құрылыс бұйыртса, 30-шы тамыз күні тапсырылатын болады. Одан соң Найман арықтың екі жақ бетінің бетондалу ісі басталмақшы. Сөйтіп, биыл қыста Темірландықтар төтеннен төнетін қауіптен аулақ болады деген сенім бар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=kGG6WeHTVPU[/youtube]