Көлігіне ыстық асфальт артқан жүргізушіні қырағы мамандар бірден байқады. Жүргізушінің қолындағы құжатта көлігіне артылған жүк салмағы 26 тонна деп белгіленіпті. Ал талап бойынша бұл көлікке 25 тонна жүк тиелуі тиіс. Оған қоса, мұнда әр доңғалаққа түсетін салмақ та артық болып шықты. Оны инспекция қызметкерлері көлік иесіне таразыға салып дәлелдеп берді.
Жыл басынан бергі 7 ай ішінде көлік бақылау инспекциясы 1020 көлікті тексеріп, 11 млн. теңге айыппұлға хаттама түзген. Ол өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артық . 63 заңды тұлғаға 101 әкімшілік шара көріліпті.
Бұдан бөлек жаңа оқу жылының қарсаңында қалааралық қатынайтын поездардың жолаушыларға көрсететін қызымет сапасы да тексеріледі. Алғашқы күнде-ақ заң бұзушіліқтың 7 фактісі тіркелді.
Акция мұныменен шектелмейді. Екі ауысымға бекеттерге бекітілген инспекторлар арасында сыбайластыққа жол бермеу үшін уақытша ұялы телефондарын пайдаланбауға да қатаң тапсырма берілді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=iohdup_glVk[/youtube]