Жастар өзін-өзі басқаруы тиіс және бизнес клубтарға қатысуда белсенді болуы керек. Жастар орталықтарының басшылары бұл мәселені сөз жүзінде емес, іспен дәлелдеуге көшті.
«Біз мұнда бір-бірімізбен пікірлесеміз, ойымызды білдіреміз. Тек өз қаламыздың ғана емес, Қызылорда, Жамбыл, Аматы облысынан да келген замандастарымыз бар. Әрқайсысыөз алдына мақсат қойып келген. Сондықтан аларымыз көп», — дейді қазығұрттанк елген «Жастар орталығының» ұйымдастырушысы Нұрмағанбет Абдуллаев.
«Біркөлік» тау шатқалындағы лагерде жиналғандардың мақсаты бір — жастар ісін басқаруда тәжірибе алмасу. Ал ұйымдастырушы облыстық «Жастар орталығы» жұмыспен қамту бөлімінің ұжымы 3 күндік оқу- семинар барысында жастарды кәсіпкерлікке баулып, қаржы тарту арқылы өз ісін ашуға көмек көрсетті.
«Бұл бір реттік шара емес, әлі жалғасын табады. Осындай оқу-лагердед бас қоса отырып, бизнес клубтарын ұйымдастыруды қолға алмақпыз. Олардың өздігінше өзекті мәселелерді шешуіне ықпал ету, бос уақыттарын тиімді пайдалануды жоспарлау мен бизнеске белсенділігін арттыруды мақсат етіп отырмыз», — деген ойын білдірді жастарды жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Дамир Жүнісов.
Шара мұнымен аяқталмады. Бас қосқан жастарды толғандырған тағы біір мәселе бар. Ол ұлттық біріңғай тестілеу мен он екі жылдық оқу жүйесі. Әркім өз ойымен бөлісіп, бұл жүйелердің тиімділігі мен тиімсіздігі жөнінде пікір- талас тудырды.
Осылайша жастар орталығының мүшелері үш күн бойына уақыттарын пайдалы іске арнады. Табиғаты әсем тауларды аралап, серуендеді, шуға шомылып бой жазды. Бастысы, бизнесті дамытудың алғы шарттарымен танысып, тренингтерге қатысты. Енді олар білгені мен түйгенін өз ісінде қолданатын болады.
«Үш күн барысында біраз нәрсеге қанық болдық. Енді осы үйренгенімізді ары қарай дамытып, білгенімізді өзгелерге көрсетуді жоспарлап отырмын», — деп, сөзін аяқтады Ордабасы ауданындық жастар орталығының нұсқаушысы Нұрболат Бекмұратов.