Жасыл желекке скважинамен су берілетін болды

347

Шымкенттің айналасындағы жасыл желекте өсіп тұрған көшеттер енді жаңа скважиналар арқылы суарылатын болды. Қазіргі уақытта екі ұңғыма іске қосылып үлгірді. Ал қыркүйектің соңына дейін тағы екеуін іске қосу жоспарланып отыр.

Шымкенттің жасыл белдеуін суару үшін мына арнайы су тартқыш жақында ғана салынып біткен. Оның жұмысын қадағалау Әбдірахман Шөпшековке жүктеліпті. «Біздің жұмысымыз аса ауыр емес. Алдымен суды қосып, түс мезгілінде уақытша  тоқтатамыз. Өйткені су тарқыш қызып кетпеуі керек.  Жұмысымызды жанымызбен жақсы көріп істейміз деп айта алам. Өйткені мыңдаған жас шыбықтың тағдырысенің қолыңда екенін түсінесің»,-дейді механик Әбдірахман Шөпшеков.

Жасыл желектегі қанша көшетті суару қажет екенін «ЛТД ТҰРМЫС» ЖШС-нің маманы Мәлік Аймаханов жақсы біледі. Өйткені, скважиналарды іске қосатын да осы мекеме.

Мәлік Аймаханов, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің өкілі: «Бұл аумақта 800 мыңнан астам көшет отырғызылған.  Жартысы скважиналар арқылы суарылса, ал қалғаны қолмен суғарылуда. Тағы да екі скважина іске қосылса, жағдай тіптен тамаша болар еді.»

Қаланың бұл бөлігінде, «Ынтымақ» шағынауданының маңында жас көшеттер егу үшін 2300 гектар алқап бөлінген. Енді төрт бірдей су ұңғымасы қатар іске қосылатын болса, тал-дарақты суаруда еш қиындық болмауы тиіс. Ал әзірге цистернамен, қол күшімен амалдауға тура келіп тұр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=NViL_-5gDlg[/youtube]