Қысқа дайындық барысы «Нұр Отан» ХДП-ның бақылауында

172
жылу беру маусымы

 

жылу беру маусымы

Шымкент қысқа толық дайын ба? Қаладағы 3 ауданның әкімі, аймақтағы көпқабатты үйлердің төрағалары, 3-жылуэнергоорталығының басшылары пен коммуналдық шаруашылық саласының жауапты мамандары «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында бас қосқан жиында осы сұрақты талқылады. Басты мәселе — үйлердің қысқа дайындығы мен жылу құбырларының сығымдалуы болып отыр.

Қазіргі таңда облыс орталығында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қызу жүруде. Бұл тұрғыда бірқатар пробле­ма­лардың бар екенін бүгін жиналғандар жақсы біледі. Орталықтандырылған жылу жүйесінің мәселелері бойынша Еңбекші, Әл Фараби ауданының әкімдерінің көңілдері тыныш. Олардың басқаруындағы барлық көпқабатты үй қысқа сақадай сай болып шықты.

Бірақ, мұндайлар бірен-сараң ғана. Жылуға жауапты мамандарды жай күндері таба алмайтын тұрғындар, әсіресе, жылу берушілермен келісім-шарт түзілгенімен, мамандар тек сығымдау жұмыстары кезінде ғана төбе көрсетеді дейді. Онда да құралдары жоқ кездері көп кездеседі деп ашынады үй төрайымдары.

Қысқа дайындық барысы алдағы уақытта «Нұр Отан» ХДП-ның бақылауында болады. Билік партиясының өкілдері тұрғындарды осылай деп сендірді.