Ұлттық мәдени орталықтар торқалы тойға тарту жасады

960
Мәдени орталықтар қол өнер көрмесін ұсынды
Мәдени орталықтар қол өнер көрмесін ұсынды

Шымкентте қол өнер шеберлерінің көрмесі болып өтті. Көз тартарлық құнды жәдігерлерді қаламыздағы түрлі ұлт өкілдерінің мәдени орталықтары ұсынды. Шеберлер бар өнерін салып, ұлттық нақыштағы құндылықтарын бояп, тоқып жеткізген. Толығыраұ тілші әңгімесінде.

Оңтүстікте өмір сүретін өзге ұлт өкілдері өңіріміздің торқалы тойына тарту жасады. Достық үйінде бас қосқан этно-орталықтар жаңа туындыларымен көрме өткізіп, көпшіліктің назарын өздеріне аударды. Бұл жолғы іс-шараның ерекшелігі жас шеберлердің санын арттырып, жаңа туындыларды паш ету екен.

Өзбек ұлтының доппы, дағара сынды ұлттық киімдері мен тұтыну заттарын жастайынан тігіп үйренген Юлдуз Мырзахметова болашақта қол өнер шебері атанғысы келеді. Ол үшін бас киімді пішіп, тігу қиынға соқпайды екен.

Юлдуз Мырзахметова, жас шебер:»Мен жастайымнан тігінге жақын болдым. Мектепке барғанша анам үйретті. Содан соң, ұстазым баулып жүр. Бір доппыны тігіп шығу үшін бір апта уақыт кетеді. Қажетті құрал-жабдықтар дайын болса, бес күнде бітіруге болады».

Көрмеге қойылған әрбір жәдігер өз ұлтының болмысын бейнелеп тұр. Әсіресе мен мұндалап, қазақтың ою-өрнегі жүргізілген

қазақтың оюлы сырмағы

сырмақтары ерекше көзге түседі. «Ынтымақ» мәдени орталығының бұл жолғы жәдігерлері қаламыздағы №47 мектеп оқушыларының қолынан шығыпты.

Гауһар Төлепова, «Ынтымақ» мәдени орталығының өкілі: «Біз бұрыңғы дүниелерді заманға сай жаңғыртып, оюлап әкелдік. Киіз өнеріне қызықпайтын жан жоқ. Киінгі ұрпаққа өнеге ұлттық өнерімізді дәріптеу, бүгінгі біздің мақсатымыз. Сондықтан шәкірттер дайындап, олардың бойына құндылықтарымызды дәріптеп келеміз».

Этностардың көрмесіне қатысып, қоғамдық іс-шараларға белсене араласатын этно-орталықтардың шеберлері көрме соңында арнайы марапатқа ие болды.

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=XvoAhIpIVmE[/youtube]