Құрбан айт мерекесі барша мұсылманның асыға күтетін айтулы мерекесінің бірі! Бұл күні дінді берік ұстайтын жамағат таңертеңнен жуынып-шайынып, Құрбан айт намазына жығылады. Ниет етіп, дайтархан жайатыны өз алдына. Құрбандық шалып, ата-баб рухына құран бағыштап, үлкен-кіші Ислам дінінің той
Жалпы, Құрбан Айты Рамазан айынан да үлкен мереке дейді имамдар. Себебі, бұл күндері бүкіл адам баласы Алла Тағаланың өзіне берген нығметінен, байлығынан басқа жоқ-жітіктерге, көрші-қолаң, ағайын-туысқа қонақжайлық көрсететін, қайырымдылық, жақсылық жасайтын күндер. Осы күндер мұсылман қауымы жасаған қайырымдылықта шек болмайды. Алайда адамдардың адал ниетін пайдаланып қалушылар да жоқ емес.
Елімізде құрбандыққа көбінесе қой шалынады. Дегенмен, соңғы жылдары 7адам бірігіп сиырды құрбандыққа шалу үрдісі көбейіп отыр. Алайда имамдар бұл мәселеде ниеті дұрыс емес адамдардан сақ болуға шақырады.