Келер жылы қаладағы барлық құрылыс базарлары қала сыртындағы индустриалды аймаққа көшіріледі деген жоспар бар. Бүгінде қала басшылығы арнайы 20 гектар жер телімін анықтап, онда инженерлік инфрақұрылым жасаудың жолдарын қарастыруда. Бас жоспардың бекітілген соң, құрылыс базары нақты қай жерге орналасатындығы белгілі болады. Бүгін мамандар осындай мәлімдеме жасады.
Мынау бос жатқан алқапта алдағы уақытта құрылыс базары болуы әбден мүмкін. Жергілікті басшылардың осы жерді таңдауы да бекер емес. Мұнда қалаға кіретін айналмалы тас жолға қоса темір жол да бар және құрылымс материалдарын өндіретін өндіріс орындары да осында шоғырланған.
Алғаш белгіленген 20 гектар жер тарлық етсе резервте және 100 гектар қаралып отыр. Естеріңізде болса, өткен жылы Адырбеков көшесінің бойындағы құрылыс базарының бірәз бөлігі өзге орынға көшірілген қалған бөлігіндегі кәсіпкерлермен келіссөз жүргізіліп ол жер телімдер мелекет қажетілігіне алынып көпқабаты үйлер салынады екен. Жаңа бас жоспарға сай қалада 61 пайыз үйлер көпқабаты болуы тиіс.
Жоспар бойынша көшірілуге жататын құрылыс базарларының қатарында Қайтпас 1\2 шағын ауданындағы Әитеке би, Громова және Сеченова көшелеріндегі үлкенді-кішілі құрылыс сауда орындары бар. Көп ұзамай сол базар басшыларына арнайы ескерту де берілмек.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=6Hff16w7Rh4[/youtube]