Қуыршақ театры 30-маусымының шымылдығын түрді

658
Бориска күшік көрші-қолаңдарына мақтаншақтық мінезімен танылады

Өңіріміздегі қуыршақ театрында «Мақтаншақ » қойылымының премьерасы өтті. Сонымен қатар, театр бүлдіршіндерге  арналған бұл қойылымымен  30-маусымының шымылдығын түрді. «Мақтаншақтың» авторы әрі қоюшы-режиссері, көркемдік жетекшісі, мәдениет қайраткері – Антонина Малюченко. Жалпы қойылым Бориска деген күшіктің мақтаншақ әрі өтірікші қасиеттерін көрсетуге арналған. «Өзін өзі мақтаған…» демекші, көршілеріне өзі туралы мадақтамалар айтып, қиындыққа тап болғандарға көмек қолын созатынын жеткізеді. Жеме-жемге келгенде Борискадан көз жазып қала беретін көршілер күшікке деген сенімін жоғалтып, мысық, балапан, қой, бұзау – барлығы реніштерін білдіреді. Міне, осылайша мақтаншақтық тақырыбы аясында өрбіген ертегі ақиқатты айтуға шақырады.

Антонина Малюченко, «Мақтаншақ» қойылымының авторы: «Мен бұл «Мақтаншақ» қойылымы бүлдіршіндерге жаман әркеттерден бойын аулақ болуға шақырады деп ойлаймын. Қойылымның ерекшелігі – балақайларды басты назарға алып, тек балалардың белсенді қатысумен жүзеге асады. Сонымен қатар, ең бастысы балалардың еріншектік, жалқаулық, мақтаншақтық, өтірік сөйлеуге қарсы тәрбилейтіні тағы бар. Дәл осы қойылымға еліміздің түкпір-түкпіріне гастрөлдік сапарға арнайы шақыртулар алып отырмыз. Ертеңнен бастап жолға шығамын».

Маржан Қасымхан, 6 жаста: «Маған өте қызық болды. Әсіресе, мысық пен күшіктің сөйлескені өте қызық. Борисканың да мақтанғанын көрдім, ол бізбен  де сөйлесті. Достарыммен де сөйлесті. Таң қалдық. Анама айтып баратын болдым. Бірақ, Бориска сияқты мақтаншақ болмау керек екенін түсіндік ең соңында. Біз енді Борисканың суретін саламыз. Оның жеген алмасын да саламыз. бірақ Бориска ең соңында өтірік айтқанына қатты өкінді ғой, сол үшін біз Борисканы кешірдік, енді дос болып қаламыз. Жақын достар боламыз деп шештік. Біз Борисканы да жақсы көреміз. Балапан да өье әдемі екен».

Бекболат Бақыт, 7 жаста: «Мен мысық, күшік, балапандардың сөйлегенін көріп таң қалдым. Бізге қарап та, күліп сөйлегені есімнен шықпайды. Алма ұсынды бізге. Бұзау да күшікке қарап ақыл айтты. Әйтпесе, Борика өте мақтаншақ болып кетті ғой. Мақтаншақ болмау керек екен. Достарыңның, көршілеріңнің барлығы мазақ етеді. Біз өткенде «Киелі алма» деген қойылым көрген едік. Бұл жолы мақтаншақ күшік туралы көрдік. Енді біз осы күшікт туралы сурет салып, шығама жазамыз. Анам мені Борискамен суретке сүсірді, енді сыныптастарыма барып мақтанамын. Бориска кейін бізден, балапан, қойдан, бұзаудан кешірім сұрады. Біз барлығымыз кешірім сұрадық».

Осылайша, аталған театрдың шымылдығын түрген қойылым енді Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі бүлдірішіндерді жақсы әрекеттерге баулитын болады. Ендеше, мақтаншақтық қасиет абырой әпермейтінін түсіндіретін «Мақтаншақ» қойылымы балаларрдың есінде мәңгі жатталары сөзсіз!