Айт қарсаңында қойды құрбандыққа шалу құны 1000 теңгеге жеткен

182
Оңтүстіктен жеткізілген өнімдердің барлығы нарықтағы базар бағасынан 10-20%-ға дейін арзандатылған бағада сатылатын болады

 

Сатушылар азық түліктің қымбаттауына алыпсатарларды кінәлайды

Құрбан айт қарсаңында әдеттегiдей қала базарларында дастарханға қажет азық-түліктiң қымбаттауы әдетке айналғаны жасырын емес. Биыл да тұрғындар баға 30-40 теңгеге көтерiлгенiн алға тартып отыр. Ал сатушылар өз кезегінде бұған көтерме алыпсатарларды кiнәлайды. Біз мереке қарсаңында қаладағы базарлардың бірін аралап көрген болатынбыз.

Биыл жүзiмнiң түсiмi мол болғанына қарамастан, бағасы қуантып отырған жоқ. Ол аздай ендi мiне 1-2 күн бұрын келісі 180 теңгеден сатылған жемістiң бағасы 300 теңгеге бір-ақ шарықтаған.

Ал алманың келiсi — 180, құрма — 160, мандарин 350 теңгеден сатылуда. Олардың бағалары да едәуiр қымбаттағанын сатып алушылар растап отыр.

Ал кептiрiлген жемiс павильоны Айт қарсаңында адамға толы. Мұнда жемістің түрi мол. Алайда сатып алушылар шақтап алғанды жөн санайды. Өйткенi қалта көтермейдi.

Базарда сиыр және тағамға көп қолданылатын қой етiнің бағасы 100 теңгеге қымбаттап отыр. Ал мереке қарсаңында қойды құрбандыққа шалу құны 1000 теңгеге жеткен. Яғни бір келі еттің құны дейді шаруалар. Ал қойдың өзі 23-25 мың теңгеге сатылуда.